8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
30 Қыркүйек 2021 1749 0
Қоғам

ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

29 қыркүйекте Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының актив жиналысы өтті. Шара барысында Батыс Қазақстан облысын ұзақ жыл басқарған, бүгінде 80-ге шыққан мемлекет және қоғам қайраткері, ел ағасы Нәжімеден Есқалиевке құрмет көрсетілді.

Нәжімеден Ықсанұлы еңбек жолын ұстаздықтан бастап, ауыл шаруашылығы саласында еңбек етті. Талдықорған облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы, аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы қызметтерін атқарды. Мемлекеттік қызметте  жауапкершлігі зор басшылық лауазымдарды жемісті атқарып, Жетісу, Батыс Қазақстан және  Көкшетау өңірлерін дамытуға күш-жігерін жұмсады. Актив жиынында сөз алғандар Нәжімеден Ықсанұлының аймақтардың экономикалық әлеуетін жақсартуға, халықтың ахуалын арттыруға қосқан үлесі зор болғанын атап өтті.

«Nur Otan» партиясы БҚО филиалы  төрағасының бірінші орынбасары Мұрат Мұқаев киелі Ақ Жайықтың өркендеп дамуына, облыс аумағында тұратын көп ұлтты халықтың татулығы мен бірлігін, тұтастығын сақтаудағы еңбегін,, кадрларды іріктеу, тәрбиелеуде көрегендік танытқанын атады.

Облыс әкімінің  орынбасары  Бақытжан Нарымбетов ҚР Президенті  Қасым-Жомарт Тоқаевтың мерейтой иесі мемлекет және қоғам қайраткері Н.Ы.Есқалиевке жолдаған арнайы  құттықтау хатын оқыды.

Ғайса Қапақов, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мақсот Берген  мерейтой иесінің азаматтық қасиеттеріне ерекше тоқталып, естеліктермен бөлісті.

Сөз алған үзеңгілес әріптестері мен достары да Нәжімеден Ықсанұлының аумалы-төкпелі кезеңде ел басқарып, өзіне жүктелген  міндетті абыроймен атқарғанын атады.

Жиында мерейтой иесінің иығына ата-баба салтымен шапан жабылып, өңір басшысы болып қызмет атқарған жылдардан сыр шертер архив мұрағатынан жинақталған кітап тарту етілді.

zhaikuni.kz,

Рафхат ХАЛЕЛОВТЫҢ суреті

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
353 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
441 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
497 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
509 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
559 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
301 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
778 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
809 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
760 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
712 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
756 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
938 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»