«БАҚЫТТЫ АНА – БАҚЫТТЫ БАЛА»
“Орал жастары” ресурстық орталығының ұйымдастыруымен “Жусан” операциясымен елге оралған әйелдерге арналған “Soft skills” атты семинар тренингі өтті.
“Ақниет” орталығында оздырылған аталмыш іс-шара мақсаты – семинарға қатысушы нәзік жандыларға рухани құндылықтарды дәріптеп, ізгі қасиеттерді үлгі ету.
Басқосудың арнайы қонағы облыстық мәслихат депутаты Шаттық Өтебалиева қатысушыларға рухани дем беретін танымдық ақпараттармен бөлісті. «Бақытты ана – бақытты бала» тақырыбында тренинг жүргізді. Ресурстық орталықтың бөлім басшысы Алма Шапбазкерейқызы орталық жұмысымен таныстырып, көрсетілетін көмектер, бастамаларға қолдау болатынын жеткізді.
Кездесу барысында аналар өздерінің алдағы мақсаттарымен бөлісіп, бизнес бастауға ниетті екендіктерін білдіріп, осы орайда курстық оқулар қызықтыратынын айтты. Қатысушылардың сауалдары бойынша балалардың біліммен қамтылуы, қызығушылығын арттыру, қосымша білім беру ұйымдары туралы ақпарат беріліп, жұмысқа орналасу, бастамаларды жүзеге асыруға арналған мемлекеттік бағдарламалар туралы мәліметтер берілді.
Іс-шара барысында сергіту сәті де назардан тыс қалмады.
Жиналғандарға кофе-брейк ұсынылып, еркін әңгіме өрбіді.
zhaikuni.kz
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Мемлекеттік қызметтер: жүйелі мәселелерді шешу және сапаны арттыру
Еліміздің батысында көпсатылы командалық-штабтық оқу-жаттығу басталды
2028 жылғы шілдеге дейін еліміздегі 2,6 мыңнан астам шағын жинақты ауыл мектебі жасанды интеллект енгізу жобасымен қамтылады
Спорт саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелері талқыланды
Оралда Қорғаныс министрлігінің патриоттық акциясына 2 мыңға жуық адам қатысты
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана

Кіру
Пікір үстеу