БҚО-ДА 4 ЖЕКЕ ЕМХАНА ТІРКЕУ НАУҚАНЫНА ҚАТЫСТЫ
Қазақстанда жыл сайынғы тұрғындарды емханаларға тіркеу науқаны аяқталды. Электронды денсаулық сақтау орталығының деректері бойынша емханаға тіркеу науқаны кезінде Батыс Қазақстан облысындағы бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін ұйымдарға 3 626 тұрғын еркін таңдау құқығын пайдаланып тіркелген. «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Батыс Қазақстан облысы филиалының директоры Нұржамал Жұмағұлова бүгін өңірлік коммуникациялар алаңында өткен брифингте облысымыздағы емханаға тіркеу науқанының қорытындысы туралы мәлімдеді.

Жыл бойына бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін ұйымдарын еркін таңдау бойынша «Медикер Ақсай» ЖШС мен №3 қалалық емхананы таңдағандар көп. Батысқазақстандықтардың көпшілігі өздері таңдаған медициналық ұйымға барып, тіркелуді жөн көрген, тек 53 адам ғана egov.kz. порталы арқылы тіркелудің электронды түрін таңдаған.
– Алдағы уақытта емхана арқылы тіркелуді жүзеге асыру мүмкіндігі болмайды. Бұл жүйелі мәселелерді шешу және теріс пайдалану мен бұрмалау фактілерін болдырмауға бағытталған қажетті шара болып отыр. Бұл алаңдаушылық туғызбауы тиіс. Біріншіден, емханаға тіркелуге баруға үйреніп қалғандар халыққа қызмет көрсету орталықтарына бара алады (ЦОН), онда egov-қа қосылған Connection Points бұрыштары жабдықталған және де қызметті алуға көмектесетін кеңесшілер жұмыс істейді. Екіншіден, смартфоннан тelegram-бот Egov.kz арқылы санаулы минут ішінде тіркелуге болады, онлайн арқылы өздеріңіздің балаларыңызды да тіркеп қоюға болады, жүйе өзі автоматты түрде артық құжаттарды талап етпей-ақ үрдісті жеңілдетіп, ақпараттық жүйелерден сіздің туыстығыңыз туралы деректерді жүктейді, – деді Нұржамал Шамғонқызы.
Биыл облыстағы бастапқы медициналық-санитарлық көмектің 25 медициналық ұйымы тіркеу науқанына қатысқан. Олардың төртеуі – жеке клиникалар. Қалған бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін 23 ұйым келесі жылдан бастап тұрғындарға тегін медициналық көмектің кепілді көлемі шеңберінде қызметтер көрсететін болады.
Жалпы, тіркеу науқаны – емхана ауыстырудың жалғыз жолы емес. Қазақстандықтардың жылына бір рет емхананы ауыстыруына мүмкіндігі бар. Сонымен қатар қоныс аударғанда, емхана жабылып қалса немесе медициналық сақтандыру қорымен келісімшарт бұзылса, жақын маңнан жаңа емхана салынса, емхана қызметіне қатысты шығындарды жабатын ерікті медициналық сақтандыру келісімшартын бекіткен жағдайда, басқа емханаға ауысуға болады. Тіркеумен айналысатын емханалардың толық тізімі Медициналық сақтандыру қорының fms.kz сайтында бар.
«ЖАЙЫҚ ҮНІ»
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды
Отандық фармацевтикалық өндіріс өз позициясын нығайтуда: Қазақстандық дәрі-дәрмектердің үлесі 40%-ға жетті
68% иностранных инвестиций Центральной Азии сосредоточены в Казахстане

Кіру
Пікір үстеу