8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
28 Маусым 2021 1853 0
Қоғам

ДІНИ ЖӘНЕ ДҮНИЕЛІК ІЛІМ АЛДЫ

Өскелең ұрпаққа діннің негізгі қағидаттарын қалыптастырып, рухани тәлім беру мақсатында Бәйтерек ауданы Переметное ауылындағы Жұбан молда мешітінің жанынан жазғы сауат ашу лагері ұйымдастырылды.  2 – 25 маусым аралығындағы жазғы сауат ашу лагеріне 5-14 жас аралығындағы балалар қатысты. 

Бәйтерек аудандық мешітінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, сауат ашу лагеріне келгендер ауылдың және демалысқа орай ата-әжесіне демалуға келген ұл-қыздар. Лагерде араб тілі әліпбиі, тәжуид ережелері, мұлысманның негізгі парыздары, әдеп сабақтары үйретілді.

Үш апталық лагерь қорытындысында Құран Кәрімді дұрыс оқу ережелерін үйренген бүлдіршіндерге Жұбан молда мешіті мен «Шапағат шамшырағы» ҚҚ атынан Құран кітаптары, Пайғамбарымыздың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) өмірбаяны жазылған еңбектер және тәтті сыйлықтар табысталды. Сонымен қатар балаларына діни бағыт бағдар беріп, белсенділік танытқан ата-аналарға алғыс хаттар ұсынылды.

Алғашқы діни ілімді алған бұл балалар алдағы уақытта мешіттің қосымша сабақтар арқылы білімдерін толықтыратын болады.

zhaikuni.kz

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
«Әділет» партиясы
КӨШПЕЛІ ШТАБ ЖҰМЫСЫ СЫРЫМ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСУДА
03 Қараша 2026
83 0
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
370 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
391 0
Құттықтаймыз!
Медицина қызметкерлері марапатталды
23 Қазан 2026
368 0
Өңір жаңалықтары
Қабыршақтыда жаңа мәдениет ошағы ашылды
22 Қазан 2026
410 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»