8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
28 Маусым 2021 2342 0
Қалалықтар қаперіне

БҮГІН – БҰҚАРАЛЫҚ АҚПАРАТ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ КҮНІ

Осыдан екі жыл бұрын Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың  арнайы тапсырмасымен 28 маусым Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің күні болып белгіленді. Осы арқылы бұл сала мамандарының кәсіби мерекесін дербес атап өтуге мүмкіндік жасалды.

Қазақстандық БАҚ қызметкерлер күнінің тарихына үңілсек, еліміз тәуелсіздік алған алғашқы жылдарда журналистер күні 10 мамырда аталып өтіліпті. Бұл күн 1870 жылы оқырманға жол тартқан алғашқы қазақ басылымы «Түркістан уалаяты» газетінің шығу тарихымен байланысты болған. Алайда бұл мереке бейресми түрде аталып жүрген.

2011 жылы жаңа дата бекітілген. Бұл дата 1991 жылдың 28 маусымында Қазақ КСР-і «Баспа және басқа да бұқаралық ақпарат құралдары» туралы Заң қабылдануымен байланысты болған-ды. Кәсіби мерекенің сол кездегі атауы «Баспа, радио және телевизия күні» деп аталып, маусымның соңғы жексенбісі аталған.

Одан кейін 2011 жылдың 20 қазанында Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен 28 маусым – Байланыс және ақпарат қызметкерлері күні болып бекітілген.

Ал 2019 жылдан бастап бұл мереке «Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің күні» деп аталады.

Мерекелеріңізбен, әріптестер!

zhaikuni.kz

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
«Әділет» партиясы
КӨШПЕЛІ ШТАБ ЖҰМЫСЫ СЫРЫМ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСУДА
03 Қараша 2026
77 0
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
368 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
388 0
Құттықтаймыз!
Медицина қызметкерлері марапатталды
23 Қазан 2026
365 0
Өңір жаңалықтары
Қабыршақтыда жаңа мәдениет ошағы ашылды
22 Қазан 2026
407 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»