8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
24 Маусым 2021 2625 0
Жалын

КОЛЛЕДЖДЕРГЕ ҚҰЖАТТАР 25 МАУСЫМНАН БАСТАП ҚАБЫЛДАНАДЫ 

Қабылдау рәсімі жаңа ережелер бойынша жүргізіледі. Сонымен қатар тегін білім алғысы келетіндер үшін квоталар тізімі кеңейтілді.

Биыл педагогикалық, медициналық және шығармашылық мамандықтарды қоспағанда, қабылдау емтихандары болмайды. Конкурс аттестаттағы міндетті және бейіндік пәндердің орташа балы бойынша өткізіледі.

Білім берудің ашықтығы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін  ҚР БҒМ «ақша студентпен бірге жүреді» қағидаты негізінде гранттарды бөлудің жаңа тетігін әзірледі. Егер бұрын гранттар колледждер арасында бөлінген болса, енді олар талапкерлердің таңдауы бойынша беріледі. Мемлекеттік тапсырыс талапкерлердің таңдауы бойынша колледждер арасында орналастырылатын болады.

Талапкерлер колледжге құжаттарды екі тәсілмен электрондық үкімет порталы Egov.kz арқылы немесе ақпараттық жүйе «SmartNation» платформасы арқылы құжаттарды тапсыра алады.

Талапкерлерге 4 мамандық пен 4 колледжге дейін таңдау құқығы бар. Конкурс аттестаттағы міндетті және бейіндік пәндерден қойылған бағаның орташа конкурстық балы бойынша ақпараттық жүйе арқылы өткізіледі. Педагогикалық, медициналық және шығармашылық мамандықтарда оқығысы келетін түлектер арнайы немесе шығармашылық емтихандар тапсырып, әңгімелесуден өтеді. Арнайы немесе шығармашылық емтихандарды колледждер жанынан құрылған комиссиялар жүргізетін болады.

Конкурс 2 кезеңге бөлінген. Бірінші 9-сынып негізінде оқуға түсетін талапкерлер арасында мемлекеттік тапсырысты бөлу 19-22 тамыз аралығында, ал 11 сынып түлектері үшін 22-25 тамыз аралығында өтеді. Игерілмеген орындар болған жағдайда білім грантымен қамтылмаған талапкерлер арасында мемлекеттік білім беру тапсырысын қайта бөлу жүргізіледі. Мемлекеттік тапсырыс бойынша оқуға қабылдау туралы ақпарат талапкердің жеке кабинетіне келеді.

Колледждерге қабылдау 31 тамызда аяқталады.

Биыл алғаш рет барлық түлектерге білім басқармаларының ақпараттық жүйелері арқылы кәсіби диагностикадан өту мүмкіндігі беріледі. Диагностика түлектерге мамандық таңдауда көмектесуге арналған және ұсынымдық сипатқа ие.

zhaikuni.kz

 

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
356 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
443 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
500 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
511 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
561 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
303 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
783 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
813 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
764 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
715 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
758 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
941 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»