8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
21 Маусым 2021 2186 0
Өзек

ПОЛИЦЕЙЛЕР 26 ЖЫЛҚЫНЫ ТАУЫП, ИЕЛЕРІНЕ ҚАЙТАРДЫ

БҚО-да жылқылардың  жоғалуына байланысты  қылмыстық іс қозғалды. Алайда, жылқылар еркін жайылымнан бегісіз бағытқа кетіп қалған екен, иелері өз беттерімен іздегенімен нәтиже болмапты.  

Облыстық полиция департаментінің  мәліметінше, жылқылардың жоғалуы туралы үш жәбірленуші  арызданған. Жалпы шығын 9  млн. 700 мың теңгеге есептеліп, ҚР Қылмыстық кодексінің  188-1-бабы, 4-бөлімімен (мал ұрлығы) қылмыстық іс қозғалды.

– Жылқыларды іздеуге  Еңбек полиция бөлімінің  толық жеке құрамы бағытталды. Сондай-ақ БҚО Полиция департаментінің криминалдық полиция басқармасы жұмылдырылды. Жедел-іздестіру  шаралары  нәтижесінде  жылқылар далалық еркін жайылымнан табылды. Ауыл шаруашылығы жануарларының  иелеріне  өз малдарын қараусыз жайылымға жібермеулерін ескертеміз. Мал ұрлығы ауыр қылмыстар санатына жатады, сол себепті шағым түскен кезде айтарлықтай ресурс тартылады. Аудандық полиция бөлімдері қызметкерлері тікелей жұмыстарын тоқтатуға мәжбүр болады, әрі қосымша күш жұмылдырылады. Ал нәтижесінде  мал еркін жайылымда болып шығады. Өңірімізде тіркілген мал ұрлығының 80 пайызында мал еркін жайылымнан ұрлап кеткен. Сондықтан сақтық керек, – деді БҚО Полиция департаментінің ресми өкілі, полиция полковнигі Болатбек Белгібеков.

Ал «жылқыларын жоғалтқан» иелеріне  мал жайылымы және малды ұстау ережесін бұзғандары үшін ҚР Әкімшілік-құқықбұзушылық туралы Кодекстің  408-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

Елмұра АСХАТҚЫЗЫ, 

zhaikuni.kz

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Білім
Педагогтерді қолдап отыр
17 Маусым 2026
95 0
Мәдениет
400 мыңнан астам кітап қоры бар
16 Маусым 2026
156 0
Қалалықтар қаперіне
Шаған көпірі уақытша жабылады
13 Маусым 2026
218 0
Қоғам
Бюджет атқарылуы бақылауда
12 Маусым 2026
255 0
Экология
Абаттандыру – басты назарда
11 Маусым 2026
300 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»