8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
08 Маусым 2021 1874 0
Қоғам

БАС ИМАМ ШЫҢҒЫРЛАУ АУДАНЫНДА БОЛДЫ

    Кеше, 7 маусым күні ҚМДБ-ның БҚО облысы бойынша  бас имамы Бақытжан Сабралиев өңірлік мешіттердің тыныс-тіршілігімен танысу мақсатында  Шыңғырлау ауданында болды. Бұл туралы  ҚМДБ-ның БҚО бойынша мешітінің баспасөз қызметі хабарлады.

Аудан әкімі  Әлия Беғазықызы облыс имамы Бақытжан Құралбайұлы мен аудан имамы Еламан Тимурұлын арнайы қабылдап,  аудан аумағындағы діни ахуал жайында сөз болып, бірлесе қызмет етуге шақырды. Аудан әкімі Әлия Беғазықызы  жаңа тағайындалған Еламан Баяділдің жаңа қызметімен құттықтап, асыл дінімізді насихаттау, имандылық жолына сәттілік тіледі.

Облыс имамы Шыңғырлау аудандық мешітіне арнайы келіп, жиналған қауыммен жүздесіп,  «Бірлік пен ынтымақ» тақырыбында уағыз айтып, бесін намазын жамағатпен бірге оқыды.

Жамағат өздерінің толғандырған сауалдарын жолдап, тұщымды жауаптарын алды.

zhaikuni.kz

 

 

 

 

 

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Құрылтай-2026
Сайлаудың сәні – сайлаушылар
02 Тамыз 2026
76 0
Өңір жаңалықтары
Орал теміржол вокзалы салтанатты түрде ашылды
01 Тамыз 2026
114 0
Өңір жаңалықтары
БҚО-да «Жер Ырысы-2026» агрофестивалі өтуде
31 Шілде 2026
209 0
Құрылтай-2026
«Құрылтай – халық үні мен ел болашағы»
30 Шілде 2026
194 0
Өңір жаңалықтары
Оралда тарихи фильмнің түсірілімі жалғасуда
29 Шілде 2026
415 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»