8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
07 Маусым 2021 2288 0
Өзек

ІРІ КӨЛЕМДЕ ЕСІРТКІ САТҚАНДАР ҰСТАЛДЫ

БҚО Полиция департаментінің қызметкерлері есірткі сатқаны үшін екі азаматты ұстады. Қылмыстық іс қозғалды, ұсталғандар уақытша ұстау изоляторына қамалды.

«Дәрмек» жедел алдын алу шарасы кезінде 1981 жылғы Г есімді азамат пен 1997 жылғы Г атты  азаматша ұсталған. Екеуі де Орал қаласының тұрғыны. Есірткі қылмысына қарсы күрес бөлімінің бастығы, полиция полковнигі Әлішер Сарының мәліметінше,  есірткі саудагерлерінің  екеуі  де уақытша ұстау изоляторына қамалған. 

 – Г. есімді  азамат М. есімді азаматқа ашық-қоңыр түсті ұнтақты заты бар ақ қағаз орамасын сатқан. Сараптама қорытындысына сәйкес, зерттеуге ұсынылған зат салмағы 0,0800 г психотроптық зат екені анықталды. Бұл зат мөлшері есірткі заттары мен прекурсорлардың жиынтық кестесіне сәйкес үлкені көлемде деп танылған. Ұсталған адам өзі мойындады. Қазіргі уақытта ол ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 128-бабы бойынша уақытша ұстау изоляторында. Сондай-ақ, жас жігітке ақ түсті ұнтақ салынған бір пакет сатқан қыз ұсталды. Сарапшының қорытындысына сәйкес тәркіленген есірткі салмағы 0,3900 граммды құрайтын психотроптық зат болып табылады, мөлшері ірі деп анықталған. Ұсталған адам өзінің жасаған ісін мойындады, ол да уақытта Орал қаласы бойынша  уақытша ұстау изоляторында, – деді полиция полковнигі.

Екі  факті бойынша да Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 297-бабы бойынша (Есірткі, психотроптық заттарды және олардың аналогтарын сату, жіберу немесе сату мақсатында заңсыз дайындау, өңдеу, алу, сақтау, тасымалдау) бойынша қылмыстық іс қозғалған.

zhaikuni.kz

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
Көлік қозғалысы уақытша шектеледі
16 Қыркүйек 2026
90 0
Өңір жаңалықтары
Жастарға – ерлік өнегесі
14 Қыркүйек 2026
144 0
Өңір жаңалықтары
Оралда 140 отбасы баспаналы болды
12 Қыркүйек 2026
332 0
Национальный ядерный центр Республики Казахстан
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
11 Қыркүйек 2026
322 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»