8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
03 Маусым 2021 1811 0
Жалын

БИЫЛ 1175 БАТЫСҚАЗАҚСТАНДЫҚ ЖАС «ЖАСЫЛ ЕЛДЕ» ЖҰМЫС ЖАСАЙДЫ

Биыл өңірдегі 1175 жас «Жасыл ел» қатарында көгалдандыруға қатысады. Студенттік құрылыс жасағы бойынша 500-ден аса жас еңбек етеді. 

Студенттік  құрылыс және  «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтарының облысымыздағы штабы «Болашақ-Т», «Альтаир», «Жиенбай» құрылыс компанияларымен, Жәңгір хан атындағы  БҚАТУ-мен меморандум жасады. Осы құжат негізінде  500-ден аса жас жазғы демалыс кезінде мерзімді жұмыспен қамтылады. Бұл студент-жастардың материалдық жағдайын жақсартуға негіз болмақ.

– Былтыр Деркөл саябағын жандандыруды бастадық. Биыл да жалғастырып жеміс аяғаштарының қатарына тағы 200 түп егуді жоспарладық. Осылайша, саябақты тамаша жеміс бағына айналдырмақпыз. Өткен жылы Тасқалада картоп, қияр, қызанақ егілді. Биыл теректіліктер мен жәнібектіктер де қосылып, жемістер мен көкөністер егуді қолға алмақ,  – дейді «Жасыл ел» облыстық штабының жетекшісі Аслан Тапишев.

Өңірімізде биыл «Жасыл ел» бағдарламасы бойынша 1175 сарбазды жұмыспен қамту жоспарланып отыр. Олардың 400 сарбазы қалада жұмыс жасаса, 775-і – облыс аудандарында жұмыс жасайтын болады. Аумақты тазалау, суару, гүлдерді отырғызу, шөптерді қию сынды жұмыстар жүктеледі.

Эльмира НҰҒМАНОВА, 

zhaikuni.kz

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Құрылтай-2026
Сайлаудың сәні – сайлаушылар
02 Тамыз 2026
84 0
Өңір жаңалықтары
Орал теміржол вокзалы салтанатты түрде ашылды
01 Тамыз 2026
120 0
Өңір жаңалықтары
БҚО-да «Жер Ырысы-2026» агрофестивалі өтуде
31 Шілде 2026
215 0
Құрылтай-2026
«Құрылтай – халық үні мен ел болашағы»
30 Шілде 2026
198 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»