ЖАҢА ТУҒАН СӘБИ ДЕ КОРОНАВИРУСПЕН АУЫРУЫ МҮМКІН
Жаңа туған сәби де коронавируспен ауруы мүмкін. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің бас педиатры, медицина ғылымдарының докторы Риза Боранбаева айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Ересектерге қарағанда балалар коронавирус инфекциясымен сирек ауырады. Жалпы, балаларда ауру симптомсыз немесе жеңіл формада өтеді. Дегенмен Covid-19-дың балалар арасында ауыр өтетін жағдайларын да жоққа шығаруға болмайды. Тіпті, жаңа туған сәби де ауырып қалуы мүмкін. 2021 жылдың 1 қаңтарынан бері Covid-19-дың нақтыланған диагнозымен 16 245 бала, оның ішінде 34 жаңа туған сәби тіркелді. 13 985 пациент емделіп шықты. Бұл шамамен 80 пайызды құрайды», – деді ол Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихаты барысында.
Оның атап өтуінше, коронавируспен ауырған балалардың 90 пайызында инфекция симптомсыз формада өткен. Балалардың 10 пайызы орташа ауыр және 0,1 пайызы ауыр формада ауырған.
«Ауырғандардың арасында тек 58 балаға вирустық өкпе қабынуы диагнозы қойылды. Вирустық өкпе қабынуы балалар арасында әдетте өте сирек кездеседі. Елімізде балаларға вакцина салынбайды. Оның үстіне коронавирусты емдейтін ресми дәрілік зат та жоқ. Сондықтан олардың қорғаудың маңызы құралы – эпидемияға қарсы іс-шараларды сақтау. Вирусты ауа-тамшы жолымен таралады. Осыған байланысты балаға жөтелгенде немесе түшкіргенде ауызды орамалмен жабуды, қолды үнемі жууды, ауызды, мұрынды және көзді ұстамауды үйрету керек»,- деді Риза Боранбаева.
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Мемлекеттік қызметтер: жүйелі мәселелерді шешу және сапаны арттыру
Еліміздің батысында көпсатылы командалық-штабтық оқу-жаттығу басталды
2028 жылғы шілдеге дейін еліміздегі 2,6 мыңнан астам шағын жинақты ауыл мектебі жасанды интеллект енгізу жобасымен қамтылады
Спорт саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелері талқыланды
Оралда Қорғаныс министрлігінің патриоттық акциясына 2 мыңға жуық адам қатысты
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана

Кіру
Пікір үстеу