ОРАЛДЫҚ 21 МЫҢНАН АСА ОҚУШЫ ЖАЗҒЫ ДЕМАЛЫСПЕН ҚАМТЫЛАДЫ
Жазғы демалыс кезеңінде Орал қаласында «Атамекен» лагері ғана 30 пайыздық толымдылықпен жұмыс жасайды. Мектеп жанындағы лагерьлердің жұмысына рұқсат жоқ. «Атамекен» лагерінде COVID-19 инфекциясына қарсы вакцина алған тәрбиешілер жұмыс жасайтын болады. Бұл туралы Орал қаласы әкімі Абат Шыныбековтың қатысуымен өткен қала әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі комиссия отырысында айтылды.
Лагерьде демалушы балалар ПТР-тестілеу нәтижесінің қорытындысымен келеді. Оларға ПТР-талдауы жалпы білім беру есебінен жасалады.
Қалалық білім беру бөлімінің басшысы Ақжарқын Темірханованың мәліметінше, қала мектептерінде 50 411 оқушы бар. 21 667-і жазғы демалыспен қамтылады. 584 оқушы «Атамекенде» демалса, атааналардың есебінен 21083 бала демалыс орындарына жіберіледі. Оқушыларды мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің мәдениағарту бірлестігіне қарасты аула клубтары, спорттық үйірмелерге жұмылдыру жоспарда.
– Сонымен қатар 14 жастан асқан 700 оқушы қоғамдық жұмыспен қамтылады және атааналарымен бірге 8430 оқушы жұмыс жасамақ. Бұл ҚР Еңбек кодексіне сәйкес 4 сағаттық жұмыс күнімен, ата-аналарының келісімі негізінде ұйымдастырылады. «Атамекен» лагерінде демалатын шәкірттердің 436-сы – ата-ана қамқорынсыз қалған оқушылар, 148 оқушы 50 пайыздық жеңілдікпен баратын дарынды оқушылар. Сонымен қатар 20 мыңға жуық оқушы жазғы мектепке келеді. Оларды сабақ оқумен қатар уақытты тиімді пайдалану мақсатында түрлі демалыс орындарына апару ұйымдастырылады. Қосымша білім беру ұйымдарында үйірмелер жұмыс жасайтын болады, – деді Ақжарқын Мүтиғоллақызы.
Бұдан бөлек қаланың бас ұстазы жазғы кезеңдегі балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу бағытындағы жұмыстар, ұсынылған нұсқаулықтар туралы баяндады. Айтуынша, білім беру ұйымдарында арнайы күзет қою, дабыл түймешесін орналастыру жөнінде білім басқармасына сұраныс жіберілген. Қаражат бөлінген жағдайда бұл мәселе кезекті оқу жылына дейін шешімін табатын болады.
Сондай-ақ қалалық мәдениет мекемелерінде, спорттық ұйымдар тарапынан балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру жұмыстары да таныстырылды.
Қала басшысы Абат Абайұлы жазғы демалыс шараларына балаларды қамтуда қиын балаларды, учаскелік полиция инспекторының есебінде тұрған жеткіншектерді назарға алуды тапсырды. Сонымен қатар шағынаудандар, кенттер аралық командалық турнирлер ұйымдастыруды ұсынды. Бұл жеткіншектердің зиянды әдеттерден аулақ болуына ықпал етіп, салауатты өмір салтын қалыптастыруына септігін тигізері анық. Спорттық додаларда биік межелерді бағындырып, облыстың намысын, еліміздің Көк туын биікке көтеріп жүрген «Ақжайық», «Грация-kz», «Ястребы» сынды командалардың баннерлерін қала көшелеріне орналастыру арқылы да жеткіншектердің спортқа қызығушылықтарын оятуға болады.
Эльмира НҰҒМАНОВА,
zhaikuni.kz
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Партиялар бір күнде білім беру, экология, тарихи жады және еңбек тақырыптарын қалай тоғыстырды?
Оралда қоғамдық көліктерде жолақы төлеу тәртібіне мониторинг жүргізілді
Қазақстанда Құрылтай сайлауына бір айға жетер-жетпес уақыт қалды: кімді сайлаймыз?
Өңір басшысы әлемдік рекорд орнатқан өнертапқыш өрендерді қабылдады
Сайлауалды науқан: Qarmet-тен бизнес-форумға дейін – партиялар үгіт-насихат жұмыстарын жалғастыруда
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бірқатарының бағасы төмендеді
Экспериментальная база НЯЦ РК помогает совершенствовать безопасность современных АЭС
Атом саласындағы жаңа кезең: Қазақстанның бұл бағытта негізгі жетістіктері қандай?
Бір мінбер, жеті партия: сайлауалды науқандағы алғашқы саяси тартыс нені көрсетті?
Үгіт науқаны басталған соң партиялардың электоралды рейтингісі өзгерді
Сайлау науқаны кезеңінде дипфейктер жиілеуі мүмкін: Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы ескертеді
Құрылтай сайлауы: «Ақ жол» Respublica-ға жауап берсе, Қазақстан Халық партиясы ЖСДП сынына ашық үн қатты
Мемлекеттік қызмет көрсету процесін жетілдіру бойынша жұмыс жалғасуда.
Азаматтардың басым көпшілігі «Заң мен Тәртіп» қағидаты мен «Таза Қазақстан» идеясын қолдайды – сауалнама
Саяси пікірталас күшейді: ҚХП ЖСДП бағдарламасындағы бастамаларды сынға алды

Кіру
Пікір үстеу