ӨЗБЕКСТАН ЕЛШІСІ ЖӘҢГІР ХАН УНИВЕРСИТЕТІНДЕ БОЛДЫ
Бүгін, 26 мамыр күні Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетіне Өзбекстан Республикасының Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Саидикрам Ниязходжаев келді. Бұл туралы университеттің медиа-орталығы хабарлады.
Еліміздегі аграрлық-техникалық және экономикалық бағыттағы көпсалалы жетекші оқу орнына арнайы келген мейманды университеттің басқарма төрағасы-ректор Асқар Наметов қарсы алды. Өзбекстан елшісіне қонақжайлық құрмет көрсеткен университет басшысы оқу орнының тыныс-тіршілігімен таныстыру мақсатында бірге аралап шығуды ұсынды. Алдымен «Ғылым басқармасында» болған Өзбекстан Республикасының Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі бастаған жұмыс тобы Студенттерге қызмет көрсету орталығында, Жәңгір хан атындағы музейде, Коворкинг орталығында, халықаралық қатынастар бөлімінде болды.
Сонымен бірге Саидикрам Пархатович Жәңгір хан университетінде оқып жатқан Өзбекстан елінің студенттерімен кездесті. Шетелдік жастардың бұл жақтағы жай-күйімен танысқан Өзбекстан елшісі оларға өздерінің ең басты мақсаттары – білім алу екенін естен шығармауға кеңес берді. Кездесу барысында студенттер мейманға өз сауалдарын қойды.
Айта кетсек, Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінде бүгінгі таңда Өзбекстаннан келген 100-ден астам жас білім алуда. Батысқазақстандық жоғары оқу орнына Өзбекстаннан келіп білім алып жатқан жастардың бірқатары оқуларын осы жерде магистратурада жалғастыруға ниетті. Солардың бірі Алина Гумарова – «Мұнай-газ ісі» мамандығының 1-курс студенті.
– Осы оқу орнында білім алу жөнінде маған кеңес берген еді. Мен өз таңдауыма өкінбеймін. Мұнда білім алушыларға барлық жағдай жасалған. Осы жақта магистратура оқып алып, кейін жұмыс жасасам деген жоспарым да бар, – дейді өзбек қызы.
Ал өз қандасымыз Гүлмира Ахмедова Оралға Ташкенттен келген.
– Мен экономика саласы бойынша білім алудамын. Орал қаласында білім алып жүрген алғашқы студенттер болғандықтан, бізге көптеген жеңілдіктер қарастырылған. Университет ұстаздары да бізді жылы қарсылады, достарым да көбейді. Қазір жатақханада тұрамын. Кейін университетте магистратурада оқуымды жалғастырғым келеді. Оқу бітіргеннен кейін Қазақстанда қалсам деген ойым бар. Ата-анам Өзбекстанда тұрады, алайда олар менің шешіміме қарсы емес, – деді Г.Ахмедова.
Өзбекстан Республикасының Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Саидикрам Ниязходжаев Батыс Қазақстан облысына бұл сапарын екі елдің аймақтары арасындағы әріптестік қарым-қатынасты нығайту мақсатымен түсіндірді.
– Екі ел арасындағы байланыстың түп қазығын Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Өзбекстан елінің Президенті Шавкат Мирзиеев бекіткен еді. 2019 жылы Өзбекстанға мемлекеттік іссапармен барған Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев стратегиялық қарым-қатынасты бұрынғыдан да нығайта түсті. Екіжақты 200-ден астам үкіметаралық келісімнен тұратын құқықтық база қос мемлекеттің аймақтары арасында меморандумдар мен келісімдер бекітуге мүмкіндік береді, – деген Саидикрам Пархатович аймақтардың ІІІ форумын Қазақстанда ұйымдастыру жоспарланғанын мәлімдеді.
zhaikuni.kz
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Жаңа Қазақстан Конституциясы – Әділетті қоғамның құқықтық негізі
«Жаңа талап» мемлекеттік қызмет мектебінің жаңа оқу жылы басталды
КАЗТАЛОВ АУДАНЫНДА 2 МЛРД ТЕҢГЕНІҢ 26 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАСЫ БОЙЫНША МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ
Конституцияның 6-бабы: саяси әралуандық пен қоғамдық тұрақтылықтың құқықтық негізі
АВТОМОБИЛЬ КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОЖОЛ САЛАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНДІ
Болашақтың экономикасына байыппен көшуге құқықтық негіз болатын жаңа Азаматтық кодекс қабылдау қажет»
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 28 қазан күні Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
Президент шет мемлекеттер басшыларының Ұлттық мерекемізге орай жолдаған құттықтауларына ризашылығын білдірді
ОРАЛДА РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ МЕМЛЕКЕТТІК ТУ КӨТЕРУ РӘСІМІ ӨТТІ
Облыс әкімі Нариман Төреғалиевтің Республика күнімен құттықтауы
Жедел медициналық көмек станциясының жаңа әкімшілік ғимараты салынуда
Батыс Қазақстан облысында Республика күні қарсаңында сенбіліктер мен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті
Мемлекет басшысы NVIDIA компаниясының негізін қалаушы және президенті Дженсен Хуангты қабылдады
«Подстепное – Федоровка – Ресей Федерациясының шекарасы»: БҚО-да автомобиль жолы пайдалануға берілді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Республика күніне арналған салтанатты жиында сөз сөйледі

Кіру

Пікір үстеу