8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
30 Сәуір 2021 2766 0
Қоғам

МӨҢКЕҰЛЫ КӨШЕСІНЕ 400 ТҮП КӨШЕТ ОТЫРҒЫЗЫЛДЫ

Зашаған кентінің Мөңкеұлы көшесі 400 түп көшетпен толықты. Игі бастама жалпықалалық сенбілік және «Жасыл көшеттерді отырғызу күні» аясында өтті.

    

Іс-шараның басты мақсаты – жасыл қала Орал шаһарын абаттандыру, жасыл желектерді көбейту және сақтау.
Зашаған кентіндегі Мөңкеұлы көшесінде орналасқан тынымбақ маңында өткен шарада көшеттер кепілдік міндеттемелерге сәйкес бір кесілген ағаштың орнына 10 түп ағаш отырғызылды.
Облыс және қала басшылығы да бұл игі іс қасынан табылды. Шараға мемлекеттік қызметшілер, жергілікті тұрғындар, мекеме ұйымдары, қоғам өкілдері, студенттер, жастар ұйымдары да көшеттерді отырғызуға атсалысты. Қалада көктемгі көркейту, көгалдандыру және санитарлық тазалық жұмыстары жыл сайын жүргізіледі. Орал қаласы аумағын күл-қоқыстардан тазарту, әктеу, сырлау шаралары маусым айына дейін жалғасады. Көктемгі сенбілік шарасы мен ағаш отырғызу күні аясында бүгін жалпы саны 400 түп аққайың егілді.
Ағаш көшеттерін отырғызу шарасы аталмыш кенттің Бірлік көшесінде және қалалық көпбейінді аурухана, оқушылар және жастар сарайы, теннис орталығында жүргізілді.
Сондай-ақ жоспар бойынша биыл қаланың көше жолы желілерінде,саябақтар мен тынымбақтарда 50 мыңға жуық ағаш көшеттері отырғызылмақ.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
«Әділет» партиясы
КӨШПЕЛІ ШТАБ ЖҰМЫСЫ СЫРЫМ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСУДА
03 Қараша 2026
56 0
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
353 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
372 0
Құттықтаймыз!
Медицина қызметкерлері марапатталды
23 Қазан 2026
351 0
Өңір жаңалықтары
Қабыршақтыда жаңа мәдениет ошағы ашылды
22 Қазан 2026
392 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»