100 МЫҢДАЙ БАТЫСҚАЗАҚСТАНДЫҚ ДИКТАНТ ЖАЗДЫ
Бүгін 100 мыңдай батысқазақстандық латын қарпінде диктант жазды. Орал қаласы әкімдігінде ұйымдастырылған шараға қала әкімдігі құрылымдық бөлімдерінің қызметкерлері қатысты.

Өткен жылы Елбасы «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында қазақ жазуын латын графикасына көшіру міндетін қойған болатын. 2017 жылдың қазан айында Мемлекет басшысының жарлығымен латын әліпбиі бекітілді. Биыл халықтың, ғалымдардың ұсынысы негізінде әліпбиге өзгерістер енгізіліп, ҚР Премьер министрі қазақ тілі әліпбиін 2025 жылға дейін кезең-кезеңмен латын графикасына көшіру жөніндегі іс-шаралар жоспарын қабылдады. Осы орайда Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт министрлігінің бастамасымен ұйымдастырылған жалпыхалықтық диктанттың мақсаты – жаңа қазақ әліпбиін насихаттау, латын қарпіндегі қазақ әліпбиін іс жүзінде меңгеруге дағдыландыру.
– Іс-шаралар жоспарына сәйкес ғалымдар, орфографиялық, орфоэпиялық, терминологиялық ережелерді дайындау бағытында жұмыстанды. Жалпыхалықтық диктантты өткізуге дайындық шаралары облысымыздың барлық аудандарында, қалада алдын ала жүргізілді. Диктант «Қазақ тілі емлесінің негізгі ережелері жобасының» практикалық тұрғыда меңгерілуін бақылау, қандай қиындықтар туғызатынын анықтау мақсатында өткізілді. Сәйкесінше, нақты қорытынды шығарылады, – дейді облыстық тілдерді дамыту басқармасының басшысы Айгүл Мыңбаева.
Диктант жазуға 15 жасқа толған мектеп оқушылары, студенттер, мемлекеттік және құқық қорғау қызметкерлері және белсенді азаматтар қатысты. Құрамында ғалымдар, мектеп мұғалімдері бар облыстық тілдерді дамыту басқармасы жанынан құралған жұмысшы топтары қатысушылардың жазбаларын түстен кейін тексеруді бастайды. Қорытындысын бес күннен соң emle.kz, tilalemi.kz сайттарынан қарап білуге болады.
Эльмира НҰҒМАНОВА
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі жүгеріні терең өңдеу зауыты іске қосылады
Мемлекет басшысы Халықаралық кинология федерациясының президенті Тамаш Яккельді қабылдады
БҚО-да сұйытылған мұнай газымен қамту мәселесі тұрақты бақылауда
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жаңа тұжырымдамасы: ашықтық, цифрландыру және қоғаммен әріптестік
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
Елімізде жасанды интеллект пен цифрландыру бағыты жаңа деңгейге көтерілуде
«Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты облыстық форум аясында көрме ұйымдастырылды
Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды

Кіру
Пікір үстеу