8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
27 Сәуір 2021 1424 0
Қоғам

ӨҢІРІМІЗГЕ 2000 ДОЗАДА QAZVAC ВАКЦИНАСЫ ЖЕТКІЗІЛДІ

            Батыс Қазақстан облысына 2000 дозада QAZVAC вакцинасының алғашқы партиясы келді. Бұл туралы БҚО Денсаулық сақтау басқармасы мәлімдеді.

Өздеріңіз білетіндей, осы жылдың басында Мемлекет басшысы биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институтының базасында   COVID-19  QazCovid-in-ге (QAZVAC) қарсы қазақстандық вакцинаны шығарып,  халықты жаппай вакцинациялауды қамтамасыз ету туралы тапсырма берген болатын.  Қазақстандық вакцинаның ерекшелігі – жеткізу процесі күрделі тоңазытқыш қондырғыларын қажет етпейді және плюс 2-8 градус температурада тасымалданады.

QazVac вакцинасы араға 21 күн салып, екі мәрте егіледі. Екпе алдында міндетті медициналық тексеру жүргізіледі – анамнез тексеріліп, дене температурасы, қысым өлшенеді, қарсы көрсетілімдер ескеріледі. Вакцинациядан кейін екпе алушы 30 минут бойы медициналық қызметкерлердің бақылауында болуы керек. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің деректері бойынша, ғылыми-зерттеу институты жыл сайын қауіпті және аса қауіпті инфекцияларға қарсы, оның ішінде шетелдерге 27 миллионнан астам дозада түрлі вакциналар жеткізеді. QazCovid-инактивацияланған вакцина (QAZVAC) химиялық заттардың әсерінен бейтарапталған вирус негізінде жасалған.

Айтпақшы, денсаулық сақтау министрі Алексей Цой  бірінші болып отандық вакцинаны қабылдады. Оралға келген 2000 дозадан тұратын партия, бұрынғыдай, халықты ерікті вакцинациялау жүргізілетін вакцинация орталықтарына таратылады.

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Құрылтай-2026
Сайлаудың сәні – сайлаушылар
02 Тамыз 2026
84 0
Өңір жаңалықтары
Орал теміржол вокзалы салтанатты түрде ашылды
01 Тамыз 2026
120 0
Өңір жаңалықтары
БҚО-да «Жер Ырысы-2026» агрофестивалі өтуде
31 Шілде 2026
215 0
Құрылтай-2026
«Құрылтай – халық үні мен ел болашағы»
30 Шілде 2026
198 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»