8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
22 Сәуір 2021 2706 0
Өзек

ЖОЛ-КӨЛІК ОҚИҒАСЫ ОРНЫНАН ҚАШЫП КЕТКЕН

Оралда көлікті мас күйде басқарған жүргізуші бір түнде  екі жол-көлік оқиғасының орын алуына себеп болды. 

20 сәуір күні  түнгі сағат 00.30 шамасында «ВАЗ-21102» маркалы автокөлігінің белгісіз жүргізушісі жол қауіпсіздігін қамтамасыз етпей, Toyota Corolla маркалы автокөлігіне соқтығысқан. Соққыдан Toyota Corolla сол жақта тұрған Volkswagen Passat-қа түйіскен. Ал бұл уақытта ВАЗ жүргізушісі оқиға орнынан қашып үлгеріпті .

Бірақ, арада жарты сағат өткенде, яғни сағат 01.00-де шамасында ВАЗ автокөлігінің жүргізушісі тағы бір жол-көлік оқиғасына жол берді. Жазира көшесімен жүріп, басқару рөлін игермей, қарсы жолаққа шығып, жол жиегінде тұрған «Merсedes Benz» маркалы автокөлігімен соқтығысқан.

Медициналық сараптама нәтижесіне сәйкес 1993 жылы туған бұл жүргізушінің «алкогольдік масаң күйде» болғаны анықталды.

Жол-көлік оқиғалары нәтижесінде көлік иелеріне материалдық шығын келді.

ВАЗ жүргізушісіне қатысты ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 608-бабы 3-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Заңда 7 жылға дейін көлікті  басқару құқығынан айыра отырып, 15 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алу көзделген.

zhaikuni.kz

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
Көлік қозғалысы уақытша шектеледі
16 Қыркүйек 2026
91 0
Өңір жаңалықтары
Жастарға – ерлік өнегесі
14 Қыркүйек 2026
145 0
Өңір жаңалықтары
Оралда 140 отбасы баспаналы болды
12 Қыркүйек 2026
334 0
Национальный ядерный центр Республики Казахстан
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
11 Қыркүйек 2026
322 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»