БАСТАУ БИЗНЕС: 1-КЕЗЕҢГЕ ЖОЛДАМА АЛМАҒАНДАР ЖЫЛ СОҢЫНА ДЕЙІН ЖОБАҒА ҚАТЫСА АЛАДЫ
«Бастау Бизнес» жобасының бірінші легіне қатысып үлгермегендер қарашаға дейін өтетін алты лекке қатысуына болады. Жалпы ел бойынша 30 мың квота бөлінген.
Сұраныстың жоғары болуына байланысты «Атамекен» ҰКП Үкіметке тағы 10 мың квота бөлу ұсынысын жасайды. Бұл туралы «Атамекен» ҰКП Басқарма төрағасының орынбасары Нариман Әбілшайықов айтты.
«Бастау Бизнесте» оқимын дегендерге айта кететін жайт. Қазір бірінші кезең ғана басталады. Биыл 30 мың адамды оқыту жоспарланған. Сұраныс жоғары. Сондықтан бұл бағдарламаға тапсырыс беріп отырған Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне тағы 10 мың квотаға көбейту туралы «Атамекен» атынан ұсыныс жасаймыз. Тағы біз бір лекпен емес, алты лекпен – қарашаға дейін оқытамыз. Сол себепті оқимын деген бүкіл азаматтың бірінші болмаса, екінші не үшінші, не алтыншы кезеңге қатысуға мүмкіндігі бар», – деді ол.
Нариман Әбілшайықов жобаға қатысу үшін жолдама алуға келгендердің ұзын-сонар кезекке тұру себебін де түсіндірді.
«Курсқа қатысқысы келетін адамдар көп болғандықтан, түрлі сұрақ туындап жатыр. Былтырдан бастап «Бастау Бизнеске» құжат қабылдау және курсты тәмамдау, оқу процесі – бәрі онлайн форматта өтіп жатыр. Бүкіл жұмыс www.Atameken.co онлайн-платформасында құрастырылған. Ол үшін Atameken Academy порталы жұмыс істейді. Оқимын деген әр адам порталға кіріп, өзінің жеке куәлігін және Жұмыспен қамту орталығы берген жолдаманы тіркеу керек. Қазір осы жолдамаға қатысты Қызылорда, Тараз қалаларында шу болып жатыр. Неге десеңіз бұл жолдаманы жергілікті жұмыспен қамту орталықтары қағаз түрінде береді. Оны электронды форматта алу мүмкін емес. Сондықтан бүкіл мәселе сол жолдаманы алудан туындап отыр», – деп түсіндірді Нариман Әбілшайықов.
Сонымен қатар, Басқарма төрағасының орынбасары халық арасындағы «жобаға өз таныстарын қатыстырады» деген қауесетке қатысты пікір білдірді.
«Жолдаманы онлайн беру біздің құзыретімізде емес. Оны Жұмыспен қамту орталығы береді. Жұмыспен қамту орталығы азаматтың қандай категорияда екенін біледі, ал біз білмейміз. Біз тек жолдама алған азаматтарды оқытамыз. «Атамекен» тарапынан жасалатын әрекеттің бәрі онлайн өтеді. Яғни бұл жұмыста адами фактор жойылған. Егер азаматтардың арасында осыған ұқсас сұрақтар туындаса, Палатаның 1432 кол-орталығына хабарласуына болады. Мұндай жағдайда бірден араласамыз. Әзірге ешкім осындай мәселе бар деп хабарласпады», – деп түйіндеді сөзін Басқарма төрағасының бірінші орынбасары.
Соңғы жаңалықтар
Мемлекеттік қызметтер: жүйелі мәселелерді шешу және сапаны арттыру
Еліміздің батысында көпсатылы командалық-штабтық оқу-жаттығу басталды
2028 жылғы шілдеге дейін еліміздегі 2,6 мыңнан астам шағын жинақты ауыл мектебі жасанды интеллект енгізу жобасымен қамтылады
Спорт саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелері талқыланды
Оралда Қорғаныс министрлігінің патриоттық акциясына 2 мыңға жуық адам қатысты
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана

Кіру
Пікір үстеу