БҚО-ДА ҰОС АРДАГЕРЛЕРІНЕ 1 МИЛЛИОН ТЕҢГЕДЕН БЕРІЛЕДІ
9 мамырға дейін төлемдерді фашистік лагерлердің кәмелетке толмаған тұтқындары мен қоршаудағы Ленинград тұрғындары алады.

Жергілікті бюджеттен төленетін біржолғы әлеуметтік көмектің мөлшері:
– ҰОС мүгедектері мен қатысушылары – 1 млн теңге. Өңірде олардың саны – 40.
– Қоршаудағы Ленинград тұрғындары – 120 мың теңгеден беріледі. Олардың саны – 120.
– фашистік концлагерлер мен геттолардың кәмелетке толмаған тұтқындары (9 адам) – 120 мың теңге;
– Кеңес әскерінің ерікті жалданушы құрамының адамдары (3 адам)- 120 мың теңге;
– қайтыс болған ҰОС қатысушылары мен мүгедектерінің әйелдері (349 адам) – 30 мың теңге;
– ҰОС жылдары тылда жұмыс істеген тұлғалар (марапатталған және марапат алмағандар) (4543 адам) – 30 мың теңге;
– бейбіт уақытта қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасылары (231 адам) – 60 мың теңге;
-Таулы Қарабақта, Иракта және Тәжік-Ауған учаскесінде ұрыс қимылдарына қатысқан әскери қызметшілер (317 адам) – 30 мың теңге.
– ҰОС қатысушылары мен мүгедектеріне және оларға теңестірілген тұлғаларға: фашистік лагерлердің тұтқындары, қоршаудағы Ленинград тұрғындары, 5 АЕК (14 585 теңге) мөлшерінде коммуналдық қызметтерді төлеуге ай сайынғы әлеуметтік көмек көрсетіледі.
Осылайша, Ұлы Жеңістің 76 жылдығын мерекелеу аясында 2021 жылы облыс бойынша біржолғы әлеуметтік көмек 1 сәуірдегі мәліметтер бойынша, Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері және оларға теңестірілген тұлғалар санатындағы 5 495 азаматқа жергілікті бюджеттен 211,9 млн теңге сомасында көрсетіледі.
сурет «Жайық үні» газетінің архивінен алынды
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
«Жаңа талап» мемлекеттік қызмет мектебінің жаңа оқу жылы басталды
КАЗТАЛОВ АУДАНЫНДА 2 МЛРД ТЕҢГЕНІҢ 26 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАСЫ БОЙЫНША МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ
Конституцияның 6-бабы: саяси әралуандық пен қоғамдық тұрақтылықтың құқықтық негізі
АВТОМОБИЛЬ КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОЖОЛ САЛАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНДІ
Болашақтың экономикасына байыппен көшуге құқықтық негіз болатын жаңа Азаматтық кодекс қабылдау қажет»
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 28 қазан күні Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
Президент шет мемлекеттер басшыларының Ұлттық мерекемізге орай жолдаған құттықтауларына ризашылығын білдірді
ОРАЛДА РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ МЕМЛЕКЕТТІК ТУ КӨТЕРУ РӘСІМІ ӨТТІ
Облыс әкімі Нариман Төреғалиевтің Республика күнімен құттықтауы
Жедел медициналық көмек станциясының жаңа әкімшілік ғимараты салынуда
Батыс Қазақстан облысында Республика күні қарсаңында сенбіліктер мен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті
Мемлекет басшысы NVIDIA компаниясының негізін қалаушы және президенті Дженсен Хуангты қабылдады
«Подстепное – Федоровка – Ресей Федерациясының шекарасы»: БҚО-да автомобиль жолы пайдалануға берілді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Республика күніне арналған салтанатты жиында сөз сөйледі
Президент Республика күні қарсаңында бір топ азаматты мемлекеттік наградалармен марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды

Кіру
Пікір үстеу