8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
09 Қараша 2018 2657 0
Қалалықтар қаперіне

Орал қаласында «Азаматтық ресурстық орталық» ашылды

Батыс Қазақстан облысы Ішкі саясат басқармасының қолдауымен ашылған орталық үкіметтік емес ұйымдарды құқықтық, техникалық және ақпараттық қолдау көрсетеді.

      

– Орталықта үкіметтік емес ұйымдарды қолдау мақсатындағы заңгерлік, бухгалтерлік қызметтер көрсетілді. Ол үшін арнайы мамандар шақырылады.  Әр үкіметік емес ұйымның өкілдеріне осы алаңға келіп, жұмыс жасауына шаралар өткізуіне жағдай жасалған. Орталықта екі маман жұмыс жасайды. Олар жұмыс регламентін реттеу, және ұйымдардың атқарған жұмыстарын жарықтандыру мақсатында жұмыстанады Кеңсе қажетті техникалық құрал-жабдықтармен қамтылған, – дейді жобаны жүзеге асырушы «Болашақ» корпоративтік қорының жетекшісі Салтанат Тұманбаева.

Салтанат Тұманбаеваның айтуынша, жақын күндері орталық жұмысының тиімділігін арттыру және қойылған мақсаттарына жету үшін  үкіметтік емес ұйымдармен жұмыс бойынша әдістемілік құрал дайындалады. Үкіметтік емес ұйымдардың дамуына бағытталған семинарлар өткізу, үкіметтік емес ұйымдардың мектебін  ұйымдастыру алдағы уақыттың еншісінде.

Атап өту керек өңірде 655 үкіметтік емес орталық тіркелген. Олар азаматтық бастамаларды дамыту, ғылым мен білімді дамыту, мүмкіндігі шектеулі жандарға қолдау көрсету, гендерлік теңдік, жастарға қолдау көрсету бағыттары бойынша жұмыс жасайды.

Жаңа орталық «ORLI A.Z» бизнес орталығы ғимаратының 5-қабаты 508 кеңсесінде орналасқан.

Эльмира НҰҒМАНОВА

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
233 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
264 0
Құттықтаймыз!
Медицина қызметкерлері марапатталды
23 Қазан 2026
242 0
Өңір жаңалықтары
Қабыршақтыда жаңа мәдениет ошағы ашылды
22 Қазан 2026
281 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»