8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
08 Қараша 2018 5761 0
Қалалықтар қаперіне

«ЖАСТАРҒА АРНАЛҒАН 101 ИДЕЯ»

Мемлекет басшысының «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты жолдауында жастардың білім алуы, әлеуметтік жағдайы ерекше аталып өтіп, келер 2019 жыл – «Жастар жылы» деп жарияланды.

Осы орайда Батыс Қазақстан облысында «Жастарға арналған 101 идея» қоғамдық науқаны бастау алды.

Кампанияның мақсаты – барлық Батыс Қазақстан облысы жастарының ойларын және ұсыныстарын негізге ала отырып, жастар үшін жұмыстың басты бағытын анықтау.

Жастар арасында жүргізілетін сауалнама барысында жастарымыздың ойлары мен пікірлері(ұсыныстары)негізгі екі бағытта жүзеге асырылып, анықталады.

  1. Ең біріншіден, бүгінгі «Жастарға не қажет?» екенін анықтау;
  2. Жастарға арналған идеялар мен жобаларды ұсыну

Өңіріміздің тұрғындары жастар мәселелеріне қатысты  өз ойларын  «Ақжайық жастары» – zhastar-07.kz порталында өтетін арнайы сауалнамалар арқылы жеткізе алады, сонымен қатар 15 қарашадан бастап www.crowd.kz2050.kz краудсорсинг платформасында өздерінің нақты жобалары мен ойларын ұсына алады.

Кампания арқылы ұсынылған пікірлер мен жобалар арнайы жастар арасында өткізілетін ашық алаңдарда, облыстық жастар форумында талқыланатын болады. Сараптамадан өткен нақты ойлар мен жобалар Жастарды дамытудың жол картасына енгізілетін болады.

zhaikuni.kz

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
233 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
264 0
Құттықтаймыз!
Медицина қызметкерлері марапатталды
23 Қазан 2026
242 0
Өңір жаңалықтары
Қабыршақтыда жаңа мәдениет ошағы ашылды
22 Қазан 2026
281 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»