8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
05 Қараша 2018 2781 0
Өзек

АУЫЛ ШЕТІНЕН МАЛДЫҢ ӨЛЕКСЕЛЕРІ ТАБЫЛДЫ

Батыс Қазақстан облысында ауыл шаруашылығы саласын одан әрі дамытудың қарқынды барысын ұстану үшін ветеринариялықсанитариялық қауіпсіздіктің қатаң сақталуы өте маңызды. Осы бағытта ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Батыс Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясы мен Орал қалалық және аудандық аумақтық инспекциялары тарапынан ветеринариялық қауіпсіздік бағытында халық арасында түсіндіру жұмыстары күнделікті жүргізіліп келеді

Дегенмен, жеке тұлғалар мен шаруа қожалықтары тарапынан Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» Заңының 25-бап, 6-тармақшасындағы «жануарлар қырылған, бiрнеше жануар бiр мезгiлде ауырған немесе олар әдеттен тыс мiнез көрсеткен жағдайлар туралы хабарлауға және ауру деп күдiк келтiрiлген кезде, ветеринария саласындағы мамандар, мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспекторлар келгенге дейiн жануарларды оқшаулап ұстау жөнінде шаралар қолдануға міндетті» деп көрсетілген жолдарын елемеулері салдарынан ауыл шаруашылығы жануарларының өлекселерін мал қорымдарына жеткізілмей елді-мекендердің шет жақтарында, қоқыс орындарында тастай салу жағдайлары орын алуда. Бұндай жағдайларда мал иелері ауыл шаруашылығы жануарларының аса қауіпті аурулардан өлуі мүмкіндігін және әрі қарай жабайы аң-құстар арқылы жұқпалы аурулардың таралу қауіптілігін ескере бермейді. Сонымен қатар, түсіктер мен шуларды, жануарлардың нәжіс және несеп сұйықтықтарын қоқыс полигондарына тасымалдау арқылы қоршаған ортаға зиян келтірілуде.

Ауыл шаруашылығы жануарларының бірдейлендіру базасына табылған жануарлардың өлекселеріндегі құлақ сырғаларының нөмірлері теріліп, бірдейлендіру базасынан алынған көшірмелер арқылы өлген малдар иелері анықталып, хабарламалар мен фото материалдар негізінде жоспардан тыс тексерістер ашылды. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 406-бабы 9-тармағының 2-тармақшасы бойынша Бөкейордасы, Бөрлі ауданының жеке және заңды тұлғаларына хаттамалар толтырылып, қаулылар рәсімделіп тиісті әкімшілік жаза қолданылды.

Жоғарыда баяндалған жағдайлардың аса қауіпті аурулар таралуына және қоршаған ортаның ластануына алып келетінін ескере келе, ауыл шаруашылығы жануарларын күтіп-ұстауда белгіленген заңнамалар мен ережелердің қатаң сақталуына назар аударуларыңызды сұраймыз.

Батыс Қазақстан Ветеринариялық Инспекциясы
Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
353 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
441 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
497 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
509 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
559 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
301 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
778 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
809 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
760 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
712 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
756 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
938 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»