8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
31 Қазан 2018 2090 0
Қалалықтар қаперіне

ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРІ: «БАҒАНЫ КӨТЕРМЕУ КЕРЕК»

 

Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов қазақстандық кәсіпкерлер мен өндірушілерге үндеу жасады. Министр Президенттің жалақыны өсіру туралы заңынан кейін бағаны көтермеуді сұрады деп жазады  Tengrinews.kz.

«Бизнесмендерімізге, ірі және ұсақ сауда желілеріне үндеу жасағым келеді. Біз жалақы өсті деп бағаны көтермеуіміз керек. Жалпы экономикамыз өсті, бірақ әр адамның табысы өсті деп айта алмаймыз. Сондықтан қазір осындай шешім шығардық. Халықтың нақты табысы экономика өсіміне сәйкес болуы үшін осылай жасап жатырмыз», – деп түсіндірді Т.Сүлейменов.

Министр кәсіпкерлердің әлеуметтік жауапкершілік танытып, бағаны көтермейтініне сенетінін айтты.

«Біздің барлық кәсіпкерге өтініш, осы жақсы бір өзгерісті дұрыс қабылдаңыздар. Бағаны көтерудің қажеті жоқ», – деді ұлттық экономика министрі.

Тимур Сүлейменов уәкілетті органдардың баға өсімін қатаң қадағалайтынын ескертті.  Мұның алдына министр жалақының өсуі министрлер мен депутаттарға қатысы жоқ екенін мәлімдеген болатын.

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
233 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
264 0
Құттықтаймыз!
Медицина қызметкерлері марапатталды
23 Қазан 2026
242 0
Өңір жаңалықтары
Қабыршақтыда жаңа мәдениет ошағы ашылды
22 Қазан 2026
281 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»