БҚО ПОЛИЦЕЙЛЕРІ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫНАН ӨТУДЕ
1171 батысқазақстандық полиция қызметкері оқу-жаттығу жиынынан өттІ.

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің тапсырмасына сәйкес Батыс Қазақстан облысының полиция қызметкерлері жыл сайын оқу-жаттығу полигоны базасында және «Динамо» спорт базасында дайындықтан өтеді.
Бүгінгі күнге дейінгі жағдай бойынша 1 171 тәртіп сақшысы оқу-жаттығу жиынында жаттықты. Олар 6 тәулік бойы казарма режимінде тұрды. Алты күндік жаттығу барысында полиция қызметкерлері атыс, дене шынықтыру, арнайы-тактикалық дайындық және күрестің тәсілдері бойынша сабақтарға қатысып, соңында белгіленген нормативтер бойынша сынақ тапсырды.
– Бұл жаттығулар полицейлердің ұйымдасқан түрде батыл әрі сенімді әрекет етуіне септігін тигізеді. Бір ауысымда бір ғана саланың емес, әр түрлі бөліністердің, қалалық және аудандық полиция бөлімдерінің қызметкерлері қатарынан құрылған топ дайындықтан өтеді. Мұндай тәжірибе қызмет бабында бізге өте қажет, – деп атап өтті БҚО ПД бастығының орынбасары Бағдар Әбуов.

Жаттығу барысында күрестің жауынгерлік әдіс-тәсілдері, құжаттарды тексеру кезінде жеке қауіпсіздікті қамтамасыз ету шаралары, күдікті адамдарды ұстау және қарау, автокөлікпен жүріп бара жатқан адамды ұстау, тұрғын үй-жайларды тексеру, қоғамдық тәртіпті топтасқан түрде бұзушылықты оқшаулау кезінде қызметкерлердің іс-әрекеті тактикасы, жәбірленушілерге алғашқы медициналық көмек көрсету, тапаншадан және автоматтан ату тәсілдері бойынша үйрету жұмыстары жүргізілді. Сабақтарды арнайы даярлық басқармасының және медициналық топтың дәрігер-мамандары өткізді.
Аталған оқу-жаттығу жиынынан кестеге сәйкес барлық полицейлер өтеді.
БҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі жүгеріні терең өңдеу зауыты іске қосылады
Мемлекет басшысы Халықаралық кинология федерациясының президенті Тамаш Яккельді қабылдады
БҚО-да сұйытылған мұнай газымен қамту мәселесі тұрақты бақылауда
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жаңа тұжырымдамасы: ашықтық, цифрландыру және қоғаммен әріптестік
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
Елімізде жасанды интеллект пен цифрландыру бағыты жаңа деңгейге көтерілуде
«Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты облыстық форум аясында көрме ұйымдастырылды
Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды

Кіру
Пікір үстеу