МҮГЕДЕКТІК ЖӘНЕ АСЫРАУШЫСЫНАН АЙЫРЫЛУ ЖАҒДАЙЫ БОЙЫНША ЖӘРДЕМАҚЫ МӨЛШЕРІ
Бүгін өңірлік коммуникациялар қызметі ұйымдастырған брифингте «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалы мамандары 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап зейнетақы және мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы төлемдерінің мөлшерінің арттырылуы туралы айтып берді.

«Қазақстан Республикасында мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша берiлетiн мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 маусымдағы №126 Заңының 12, 16, 18-баптарына сай, мүгедектiгiне байланысты, мүгедек балаларды тәрбиелеуші ата-анаға тағайындалатын, бала кезінен І топ мүгедегін тәрбиелеп немесе күтім жасап отырған күтушіге арналған жәрдемақы, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша, мемлекеттік зейнетақылық базалық төлем және жасына байланысты берiлетiн мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар мөлшерлері ең төменгі күнкөріс деңгейін арнайы коэффиценттерге көбейту арқылы белгіленеді.
Ең төменгі күнкөріс деңгейі 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап 34 302 теңге мөлшерінде белгіленді.
– Бұл жәрдемақылар ең төменгі күнкөріс деңгейінің артуына байланысты көбейеді. Жалпы ауруымен мүгедектігіне байланысты тағайындалатын мемлекеттік жәрдемақы мөлшерлері І топ үшін – 65 860 теңге, ІІ топ үшін – 52 483 теңге, ІІІ топ үшін – 35 675 теңге. Бала жастан мүгедектігіне байланысты жәрдемақы – 48 023 теңге және дәл осы мөлшердегі төлем мүгедек балаларды тәрбиелеуші ата-анаға тағайындалады. Асыраушысынан айрылуы бойынша жәрдемақы мөлшері бір бала болса – 29 500 теңге, екі бала болған жағдайда 51 110 теңге, үш балаға – 63 459 теңге, төрт балаға – 67 232 теңге, бес балаға – 69 634, алты және одан да жоғары бала болса – 72 378 теңге болады, – деді «Азаматтарға арналған үкімет» МК КЕАҚ БҚО филиалының сарапшысы Динара Хайретдинова.
Бүгінгі таңда БҚО бойынша мүгедектігіне байланысты жәрдемақы алушылар саны – 17 306 адам болса, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша төлем алушылар – 6 090 адам.
Эльмира НҰҒМАНОВА,
zhaikuni.kz
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
ОСК Құрылтай сайлауына арналған дауыс беру бюллетенінің үлгісін көрсетті
Құрылтай сайлауы: сайлау учаскеңізді Telegram-бот арқылы оңай анықтаңыз
Партиялар бір күнде білім беру, экология, тарихи жады және еңбек тақырыптарын қалай тоғыстырды?
Оралда қоғамдық көліктерде жолақы төлеу тәртібіне мониторинг жүргізілді
Қазақстанда Құрылтай сайлауына бір айға жетер-жетпес уақыт қалды: кімді сайлаймыз?
Өңір басшысы әлемдік рекорд орнатқан өнертапқыш өрендерді қабылдады
Сайлауалды науқан: Qarmet-тен бизнес-форумға дейін – партиялар үгіт-насихат жұмыстарын жалғастыруда
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бірқатарының бағасы төмендеді
Экспериментальная база НЯЦ РК помогает совершенствовать безопасность современных АЭС
Атом саласындағы жаңа кезең: Қазақстанның бұл бағытта негізгі жетістіктері қандай?
Бір мінбер, жеті партия: сайлауалды науқандағы алғашқы саяси тартыс нені көрсетті?
Үгіт науқаны басталған соң партиялардың электоралды рейтингісі өзгерді
Сайлау науқаны кезеңінде дипфейктер жиілеуі мүмкін: Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы ескертеді
Құрылтай сайлауы: «Ақ жол» Respublica-ға жауап берсе, Қазақстан Халық партиясы ЖСДП сынына ашық үн қатты

Кіру
Пікір үстеу