Орал қаласының әкімі Мұрат Рахметұлы Мұқаевтың қала тұрғындарына ҮНДЕУІ

Құрметті Орал қаласының тұрғындары!
2018-2019 жылғы қысқы маусымда әр отбасында жылулық пен тыныштық болу барша қала тұрғындарының ортақ мақсаты болуы тиіс. Бұл бағытта қала әкімдігі мен қаламыздың тиісті коммуналдық мекемелері әр уақытта жауапкершілікті сезініп, тұрғындармен өзара ынтымақтастықта жұмыс жасайды. Коммуналдық қызметтің ақысы уақытылы төленбеуіне байланысты кейбір уақытта ыстық су беруді уақытша өшіру жағдайлары орын алғанын білеміз. Бұл – өте өзекті мәселе. Әсіресе қала тұрғындарының күнделікті тыныс-тіршілігіне қажетті жылу, су, электр қуаты және газбен үздіксіз қамтамасыз ету әр уақытта да маңызды. Дамыған Еуропа елдерінде пәтер немесе жеке тұрғын үй иесі ғана емес, сол мекенжайға уақытша тіркеуде тұрған әрбір жеке тұлға тиісті коммуналдық қызмет мекемесімен келісімшартқа отырады. Келісімшарт бойынша көрсетілген уақытта ақы төленбесе тиісті қызметті беру тоқтатылады. Біздің қаламызда да тұтынушы мен коммуналдық қызмет ұйымының арасындағы келісімді уақытылы және құрметпен орындау мәдениетін қалыптастыру заман талабы.
Мен де, Сіздер сияқты қала тұрғыны ретінде, ай сайынғы коммуналды қызмет ақысының уақытылы төленуін басты назарда ұстаймын. Сондықтан осы үндеуімді барша қала тұрғындарына арнай отырып, жылу беру маусымында және одан кейін де пайдаланылған коммуналдық қызметтерге ақыны уақытылы төлеп, есеп айырысып отыруларыңызды сұраймын.
Қаламыздың алдағы уақытта одан әрі көркейіп, әрбір тұрғынның қалыпты тіршілігін қамтамасыз ету – баршамыздың ортақ міндетіміз екенін ұмытпайық.
Соңғы жаңалықтар
Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі жүгеріні терең өңдеу зауыты іске қосылады
Мемлекет басшысы Халықаралық кинология федерациясының президенті Тамаш Яккельді қабылдады
БҚО-да сұйытылған мұнай газымен қамту мәселесі тұрақты бақылауда
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жаңа тұжырымдамасы: ашықтық, цифрландыру және қоғаммен әріптестік
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
Елімізде жасанды интеллект пен цифрландыру бағыты жаңа деңгейге көтерілуде
«Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты облыстық форум аясында көрме ұйымдастырылды
Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды

Кіру
Пікір үстеу