ҚОҚЫС ЖӘШІКТЕРІ НЕГЕ САПАСЫЗ
Орал қалалық мәслихатының индустриалдық даму, инфрақұрылым және тұрғын үй коммуналдық мәселелері жөніндегі комиссия мүшелері қаланың санитарлық тазалығына жауапты мекемелердің бірі – «ОралТазаСервис» ЖШС-нда көшпелі комиссия отырысын өткізді.

Қаладағы ««ОралТазаСервис» ЖШС көп пәтерлі және жеке үйлерден шығарылатын тұрмыстық-қатты қалдықтарды тасымалдаумен айналысады. Сол сияқты жазғы және қысқы маусымдарда қала ішіндегі көлік жолдарын тазартып, қар шығару ісімен айналысады әрі өздеріне бекітілген аумақтарға санитарлық тазалау жұмыстарын жүргізеді. Кездесу барысында серіктестік басшысы Рафхат Данағұлов депутаттарды мекеменің қазіргі жағдайымен таныстырды. Бұдан бұрын да мекеменің жай-күйінен хабардар халық қалаулылары білікті басшының жаңашыл бастамаларды қолға алғанын көріп қуанды.
Жаңа бағдарлама іске қосылады
Қазіргі таңда 150-дей адам еңбек етеді. Жалақылары уақытылы. Мекеме балансында 40 арнайы техника бар. Күні бүгінде қаланың 700 нүктесінде 3000 қоқыс жәшігі орнатылған. Күніне 25 машина қоқыс жинауға шығарылады екен. – Күні бүгінде абоненттік және келісімшарт бөліміне бірыңғай база орнатылды. Қоқыс таситын көліктердің бәрін қадағалап отыратын эксплуатация бөліміне Мәскеуден бір бағдарламаға тапсырыс беріп жатырмыз. Бағдарлама аясында әр жүргізушіге планшет беріледі. Олар қоқыс жәшіктерін қоқысты тазаламас бұрын, тазалағаннан кейін суретке түсіреді. Оның бәрі бірыңғай базада сақталады, – дейді серіктестік басшысы. Бағдарлама жүзеге асқан соң кез келген тұрғын сайтқа кіріп, қала қаншалықты деңгейде тазаланғанын қадағалай алады. Қазіргі таңдағы ең үлкен мәселе – қоқыс жәшіктерінің ескілігі. Негізінен толықтай ауыстыруды қажет етеді. Осыдан екі жыл бұрын орнатылған 500-ге жуық еуропалық үлгідегі қоқыс жәшіктерінің металы өте жұқа болғандықтан, сапасы сын көтермеді, яғни қоқыстың салмағына шыдас бермей, дөңгелектері сынып пайдасыз болып қалған. Ағымдағы жылы қоқыс жәшіктері мүлдем жаңартылмағаны өз алдына, жетіспейді де. Талапқа сай бір нүктеде 5-6 қоқыс жәшігі тұруы керек болса, қазір 1-2-еуден ғана қойылған. Бір әттеген-айы, кей тұрғындар қоқыс жәшіктерін тұрмыстық қалдықтармен қоса топырақпен де толтырады екен.
Жұмыс сапасын арттыру үшін соңғы үш жылда барлық көлікке арнайы «GPS» қондырғысы орнатылған. Соның нәтижесінде жүргізушілердің күнделікті жұмысын, яғни қоқысты уақытылы тасымалдауын, күніне тиесілі жанармайды үнемді жұмсауына дейін мамандар компьютер арқылы бақылап отырады.

100 млн. қарыз қордаланған
Депутат Александр Крылов бүгінде тұрғындардың қордаланған қарыздарын қайтару жайын сұрады. Мекеме басшысының айтуынша, бүгінде тұрғындардың қоқысқа берешегі 100 млн.-ды құрайды. Қазіргі таңда борышкерлерге ескертулер жіберілуде. Одан әрі іс сотта қаралады. Қазір қала халқының 50 пайызы ғана қарызын уақыты төлейді. Тамыз айының 1-інен бастап қоқыс тарифі көпқабатты үй тұрғындары үшін – 215, жеке секторлар үшін 219 теңге болып бекітілген. Сондай-ақ жанар-жағармай бағасының жұма сайын шарықтауы да мекеме жұмысының ілгерілеуіне кедергі келтіруде, қазір жанармай бағасы 200 теңгеге жеткен.
Мекеменің өзекті мәселелерін тыңдаған депутаттар мәселенің түйінін шешуге атсалысатындарын жеткізді.
Кәусар БАЙҒАЛИЕВА
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі жүгеріні терең өңдеу зауыты іске қосылады
Мемлекет басшысы Халықаралық кинология федерациясының президенті Тамаш Яккельді қабылдады
БҚО-да сұйытылған мұнай газымен қамту мәселесі тұрақты бақылауда
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жаңа тұжырымдамасы: ашықтық, цифрландыру және қоғаммен әріптестік
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
Елімізде жасанды интеллект пен цифрландыру бағыты жаңа деңгейге көтерілуде
«Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты облыстық форум аясында көрме ұйымдастырылды
Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды

Кіру
Пікір үстеу