ҚЫЗМЕТ САПАСЫ АҚСАП ТҰР
Тұрғындар тарапынан желілік маршруттардың қызметіне байланысты шағымдар азаяр емес. Осы орайда қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі маршруттардың 1-8 қазан аралығындағы желіге шығуына мониторинг жүргізіп, бірқатар олқылықтарды анықтады. Тексеру қорытындысы бойынша 9 қазан күні қала әкімі Мұрат Мұқаев жолаушы тасымалымен айналысатын мекеме басшыларымен кездесіп, қызмет көрсету саласындағы бірқатар келеңсіздіктерді сынға алды.

Жиында жолаушылар тасымалына қызмет ететін автобус парктері, олардың қарамағындағы маршруттарға жүргізілген мониторинг қорытындысы бойынша ақпарат бейнеэкранға шығарылды. Тексеруде автобустардың күйі кеткен орындықтары, антисанитариялық жағдайлар, кондукторлардың киім киісі, желіде уақыт аралығын сақтамау, жылдамдықты арттыру сынды олқылықтар әшкере болған. Осы орайда қала басшысы Мұрат Рахметұлы қоғамдық автобустарда билеттердің берілмейтінін, кондукторлардың бірыңғай киім үлгісімен қамтылмағанын, олардың бейәдеп әрекеттерін, жүргізушілердің жол ережесін жиі бұзатынын сынға алды. Әрине, бұл салада жақсы жаңалықтар да баршылық. «Смарт Сити» тұжырымдамасына сәйкес түрлі жаңа технологиялар қолданысқа енгізілді. Тасымалдаушы мекемелер жаңа автобустардың алдыңғы легін де желіге шығарды. Бірақ, азаматтарға сапалы қызмет көрсету ақсап тұр.
– Сіздер тұрғындардың қолайлы өмір сүруі, қауіпсіздігі үшін қызмет етесіздер. Жұмыстарыңыз заман талабына сай бейімделуі керек. Бұл – сіздердің бизнестеріңіз, оған қаржыны да аямай салған дұрыс. Өз маршруттарыңызды қадағалап, тәртіпсіздіктерге тосқауыл қоятын уақыт жетті. Істі ілгері жылжыту қажет, – деді шаһар басшысы Мұрат Рахметұлы.
Сонымен қатар қала әкімі жолаушылар автобустарындағы алыстан көзге түсетін түрлі жарнамаларды шаһардың көрікті жерлері, тарихи ескерткіштер бейнеленген көріністермен алмастыруды тапсырды. Осылайша, жолаушы тасымалымен айналысатын мекеме басшыларын тәртіпке шақырған әкім сыннан қорытынды шығару керектігін ерекше атап өтті.
Е.АСХАТҚЫЗЫ
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі жүгеріні терең өңдеу зауыты іске қосылады
Мемлекет басшысы Халықаралық кинология федерациясының президенті Тамаш Яккельді қабылдады
БҚО-да сұйытылған мұнай газымен қамту мәселесі тұрақты бақылауда
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жаңа тұжырымдамасы: ашықтық, цифрландыру және қоғаммен әріптестік
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
Елімізде жасанды интеллект пен цифрландыру бағыты жаңа деңгейге көтерілуде
«Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты облыстық форум аясында көрме ұйымдастырылды
Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды

Кіру
Пікір үстеу