27 МЫҢ АҒАШ ОТЫРҒЫЗЫЛАДЫ
Қазанның 20-сында өтетін сенбілікте облыс аумағында 27 мың ағаш отырғызу жоспарлануда. Осы мақсатта қазанның 13-і күні Ықсанов көшесінде әр сенбі сайын өтетін жәрмеңкеде жергілікті орман шаруашылығымен айналысатын серіктестіктер ағаш көшеттерін саудаға шығарса, қазанның 19-ы жұма күні күні дәл осындай сауда «Ел ырысы» базарында өтеді. Сенбілікке атсалысатын мекеме, ұйымдар, жеке тұрғындар осы аумақтардан көшеттер алып, 20 күні жаппай сенбілікке қатысулары тиіс. Бұл туралы қала әкімдігінде банк өкілдері, құрылыс компаниясы басшылары, депутаттардың қатысуымен өткен жиында Батыс Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары Махамбет Ихсанғали мәлімдеді.

– Қазіргі таңда шаһарымызды көгалдандыру барысында көптеген жұмыстар атқарылуда. Бүгінде жаңа шағынаудандар, жаңа көшелер пайда болуда. Сондықтан көгалдандыру жұмыстары күн тәртібінен түспейді. Атап өту керек, Елбасы өңірімізге сапарында Оралды «Ең экологиялық таза қала» деп атаған болатын. Бұл біз үшін үлкен жауапкершілік. Осыған байланысты тұрғындардың шалтты тұрмысы үшін қаланы әрі қарай көгалдандыру жұмыстарын жалғастырамыз. Мәселен, «Халық банкі» осыдан бір ай бұрын өз еріктерімен қаладағы жасыл желектердің қатарын толықтырды. Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында кәсіпкерлер туған жерлерін түлетуге зор үлес қосуда. Қала күні қарсаңында көптеген ауданда, округтерде тынымбақтар ашылды. Т.Масин көшесіне кәсіпкер А.Жақыпов өз қаражаты есебінен тынымбақ салуда. Медициналық ұйымдардың бастамасымен «Ет комбинаты» ауданынан тамаша «Денсаулық» саябағы ашылды, – деген қала әкімі Мұрат Мұқаев баршаны жаппай сенбілікке белсенді атсалысуға шақырды.
Қалалық мәслихат депутаты Валентина Михно жыл сайын көктем мен күз айларында өзі басшылық ететін «Отделстрой» мекемесі ұжымымен сенбілікке елеулі үлес қосып келеді. Жиын барысында Валентина Павловна «Самал», «Кардиоцентр» аудандарындағы ормандарда емен, терек секілді сирек кездесетін ағаштар тығыз орналасқанын айтып, солардың өскіндерін өзге қаланың аудандарына егу туралы ұсынысын жеткізді.
Кәусар БАЙҒАЛИЕВА
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі жүгеріні терең өңдеу зауыты іске қосылады
Мемлекет басшысы Халықаралық кинология федерациясының президенті Тамаш Яккельді қабылдады
БҚО-да сұйытылған мұнай газымен қамту мәселесі тұрақты бақылауда
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жаңа тұжырымдамасы: ашықтық, цифрландыру және қоғаммен әріптестік
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
Елімізде жасанды интеллект пен цифрландыру бағыты жаңа деңгейге көтерілуде
«Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты облыстық форум аясында көрме ұйымдастырылды
Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды

Кіру
Пікір үстеу