МҰҒАЛІМ – МЕКТЕПТІҢ ЖҮРЕГІ
Қазанның алғашқы жексенбісінде аталып өтілетін ұстаздардың төл мерекесіне орай бүгін, 4 қазан күні Орал қаласында «Мұғалім – мектептің жүрегі» атты мерекелік концерт өтіп, бірқатар ұстаздар Орал қаласы әкімі М.Мұқаевтың алғыс хатымен марапатталды.


Мерекелік шара театр фойесіндегі көрмеден басталды. Шара қонақтары, педагогика саласының қызметкерлері мен ардагер-ұстаздар арнайы дайындалған қолөнер бұйымдарының көрмесімен танысты. Концерттік бағдарлама №44 орта мектептің би ұжымы орындаған «Ұстаздарға мың алғыс» композициясымен ашылды. Кәсіби мереке иелерін Орал қаласы әкімі Мұрат Мұқаев құттықтады.
– Жүзден астам ел атап өтетін бұл мерекенің маңыздылығы ерекше. «Ұстаздық» – «Отан», «Ана» деген ұлы сөздермен бірдей деңгейдегі ұлағатты мамандық. Барша адамзат ұстаздардан тәлім, өнеге алып, болашаққа қанат қағады. Ұстаздар қауымы ең белсенді, отансүйгіш, патриоттық сезімі биік мамандар. Өйткені олар баланы оқыту, тәбиелеуден бөлек адамзаттың болашағы үшін қоғамның қалыптасуына үлкен үлес қосып келеді. Қала тазалығы, қоғамдық шаралар кезінде де мұғалімдердің белсенділігі айрықша байқалады. Қиындығы мол қызметте жүріп, осындай қоғамдық істер арқылы шаһардың көркеюіне, өркендеуіне қосқан үлестері үшін қалалықтар атынан білім саласы қызметкерлеріне алғысымды айтамын. Әрине, ХХІ ғасырдың талаптары күрделі. Сондықтан мемлекетімізде Елбасының тапсырмасына сәйкес, білім саласын көтеру мақсатында көптеген шаралар атқарылуда. Жаңа заман талабы бойынша білім саласына цифрландыру жүйесін енгізудеміз. Балабақшаға бөбектерді қабылдау электронды түрде жүргізіліп, IT-сыныптар ашылды. Мектептер саны көбейіп келеді. Себебі бала саны артып келеді. Өткен жылы қала мектептерінде 43 мыңдай оқушы білім алған болса, биыл жаңа оқу жылында оқушылар саны 47 200-ді құрады. Шәкірттердің білім сапасын арттыру ұстаздарға жүктелер міндет. Осы қызметте жетістіктің мол болуын тілеймін, – деген Мұрат Рахметұлы 30 жылдан аса ұстаздық етіп, еселі еңбегімен танылған мамандарға алғыс хат табыс етті.
Қала әкімінің алғыс хатына №2 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Рая Дүйсенова, №3 орта мектептің ағылшын тілі пәні мұғалімі Светлана Селиханова, №27 «Жігер» бөбекжайының директоры Сәуле Шабарова, №33 орта мектептің әлеуметтік педагогы Ерлан Есенғалиев ие болды.

Орал қаласы білім беру бөлімінің сектор меңгерушісі Мәншүк Қараева, №2 балалар саз мектебінің директоры Мұхамбетқали Далбаев, «Атамекен» қалалық жасөспірімдер туризмі және экология орталығының директоры Жасұлан Сәкенов, №19 орта мектептің хореографы Гүлден Хафизова, №27 орта мектеп хореографы Анаргүл Құсайынова және басқалары Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамотасымен, қаладағы білім беру ұйымдарының 100 үздігі «Қаланың құрметті педагогы» медалімен марапатталды.

Қалалық білім беру бөлімінің басшысы Жансұлу Төремұратова «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының Қазақстан Республикасы білім беру жүйесінің басшысы және ғылыми педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыратын республикалық институт атынан Қазақстан Республикасы білім беру қызметкерлерінің біліктілігін арттыру жүйесіне және дамытуға қосқан зор үлесі үшін Құрмет грамотасымен марапатталды.

Айта кету керек, бүгінде қалалық білім беру ұйымдарында 4 187 мұғалім қызмет етеді. Олардың 182-сі биыл қосылған жас мамандар.

Эльмира НҰҒМАНОВА
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
«Таза Қазақстан»: прокуратура органдарында цифрлық шешімдер енгізіліп, экологиялық бақылау күшейтілуде
«Сыбайлас жемқорлықсыз қоғам – жарқын болашақ кепілі» атты эссе байқауы қорытындыланды
День животноводов – признание вклада аграриев в продовольственную безопасность страны
«Әділет» партиясының филиалдары Қазақстанның барлық өңірінде құрылады
Бөкей хандығының 225 жылдығы аясында «BOKEI ORDA TRAIL» жүгіру жарысы өтті
10 мыңнан астам жұмыс орны және сенімді энергия: атом электр станциясын салудың негізгі артықшылықтары
БҚО делегациясы Қытай кәсіпорындарында инвестициялық келіссөздер жүргізді
Облыс делегациясы мұнай-химия өндірісінің озық тәжірибелерімен танысты
Қазақстанда 2029 жылға дейінгі халық табысын арттыру жөніндегі кешенді жоспар қабылданды
В Казахстане принята Общенациональная стратегия «Digital Qazaqstan» до 2029 года
Бөрлі ауданында сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған бірқатар іс-шара өтті
Қытай сапары: аймақ басшысы Нариман Төреғалиев Ляонин провинциясы партия комитетінің хатшысымен кездесті
157 стран поддержали кандидатуру Ляззат Калтаевой на выборах в комитет ООН
Заңнамалық өзгерістер және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері қаралды
Қытай сапары: БҚО әкімі Нариман Төреғалиев Ляонин провинциясының губернаторы Ван Синьвэймен кездесті
«Таза Қазақстан»: Астанада бір топ жас экологиялық акция өткізді
Қазақы тазы Болоньяда өткен World Dog Show 2026 көрмесінде салтанатты түрде таныстырылды

Кіру
Пікір үстеу