8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
03 Қазан 2018 2190 0
Қоғам

ЖАСОТАНДЫҚТАРДЫҢ ЖАҚСЫЛЫҒЫ

Қайырымдылық айлығы аясында қазақ эстрадасының жұлдыздары Орал қаласындағы ардагерлердің үйлерінде болды.

«Нұр Отан» партиясының «Ардагерлерді ардақтайық» жобасы шеңберінде ұйымдастырылған шарада танымал әнші, халықаралық жарыстардың лауреаты Рүстем Жүгінісов және эстрада жұлдызы, домбырашы Ұшқын Жамалбек жасотандықтармен бірге Петр Борисович, Галина Ефимовна және Қабира Абатқалиева сынды ардагерлердің  үйлеріне барып, 1 қазан қариялар күнімен құттықтады және аулаларындағы шөптерді жұлып, тазартуға көмектесті.

Сондай-ақ «Жас Отан» жастар қанатының БҚО филиалы «Ақ Отау» қоғамдық бірлестігімен қаламыздың зейнеткерлері, жалғыз басты ардагерлеріне арнап «Күзгі вальс» мәдени шарасын ұйымдастырды. Би кеші барысында әскери үрмелі аспаптар оркестрі өнер көрсетті. Жасотандықтар белсенді қатысқан ардагерлерге арнайы сыйлықтар табыстап, мерекелік көңіл күй сыйлады.

Жалпы партиялық «Ардагерлерді ардақтайық» жобасы аясында ағымдағы жылы батысқазақстандық жасотандықтар 150-ден астам Ұлы Отан соғысы, тыл ардагерлерінің, жалғыз басты зейнеткерлердің үй шаруашылығына көмек көрсетіп, туған күн мерекелерімен құттықтап, мәдени, мерекелік шараларды ұйымдастырып келеді.

Азамат МАҒЗОМ,

«Жас Отан» ЖҚ БҚОФ менеджері

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Құттықтаймыз!
Құрметті Орал қаласының тұрғындары!
30 Сәуір 2026
38 0
Өңір жаңалықтары
Оралда «Достық» фестивалі өтті
30 Сәуір 2026
87 0
Қоғам
Ұмытылмас ерлік
29 Сәуір 2026
50 0
Өңір жаңалықтары
БҚО-да ауыл әкімдерінің форумы өтті
24 Сәуір 2026
276 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»