ГҮЛНҰР ОРАЗЫМБЕТОВА: «АТА-АНАЛАРЫМЫЗДЫ ҚАРТТАР ҮЙІНЕ БАРУҒА МӘЖБҮР ЕТПЕЙІК»
«Мейірім мекені» IV қайырымдылық гранд балы аясында өңірімізге келген қазақ эстрадасының жұлдыздары түрлі қайырымдылық шараларына қатысты. Жас актер Асылхан Төлепов есту, сөйлеу қабілеті бұзылған балалар мектеп-интернатында болса, қазақ эстрадасына жаңадан қосылған әнші Әміре көру қабілеті бұзылған балалар мектеп-интернатында, әнші Гүлнұр Оразымбетова қарттар мен мүгедектер үйінде болып, қамкөңіл жандарға әсем әнін тарту етті.

– Оралға келген кезде әрдайым қарттар үйіне немесе балалар үйіне келуге тырысамын. Қайырымдылық шарасы аясында тағы бір мәрте қариялар үйіне келудің сәті түсті. Қарттар күні мерекесінде үлкендердің ортасынан табылып, жүздерінен қуаныш сезімін көрудің өзі бір бақыт. Жарты көңіл жандардың еңселерін көтеруге үлесіміз тиіп жатса, соған қуаныштымыз. Олардың ықыласына бөленіп, ақ баталарын алғанға не жетсін?! Барлығымыз қолымыздан келгенше үлкендерге көмек жасауымыз керек. Мейірімге мұқтаж қарияларға он минуттық уақытымызды қиып, маңдайларынан иіскеп, жылы сөзімізді арнасақ сауабы тиері анық. Елімізде қарттар үйінің болғаны көңілімізге кірбің ұялатады. Бірақ, бар болғаннан кейін жиі келіп, үлкендеріміздің жағдайларын сұрап, көңіл бөліп тұрған дұрыс. Ал жастар қауымын өмірге алып келген ата-аналарын сыйлап, құрметтеуге шақырамын. Мұндай орындарға ол кісілердің келуіне жол бермесін. Ата-аналарымыз мұндай орындарда болмауы керек, – дейді Гүлнұр Оразымбетова.

Қазіргі уақытта қариялар мен мүгедектерге арналған арнаулы медициналық-әлеуметтік мекемеде 600-дей қария мен мүмкіндігі шектеулі жандар тұрады. Директордың әлеуметтік істер жөніндегі орынбасары Анатолий Гудниктің айтуынша, қайырымдылық айлығы аясында мекемеде түрлі шаралар жоспарланған. Бүгін басталған жоспарлы шаралар аясында Зеленов ауданының өкілдері қарияларына құрмет көрсетіп, концерттік бағдарламаларын ұсынды.

Эльмира НҰҒМАНОВА
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды
Отандық фармацевтикалық өндіріс өз позициясын нығайтуда: Қазақстандық дәрі-дәрмектердің үлесі 40%-ға жетті
68% иностранных инвестиций Центральной Азии сосредоточены в Казахстане

Кіру
Пікір үстеу