20 пайыз жина да, баспанаға қол жеткіз!
Оралдағы Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің тұтынушылары бір шаршы метрі 148 000-170000 теңге аралығындағы бағамен жаңа баспана сатып ала алады. Аталған үйлер банктің «Өз үйім» бағдарламасы аясында салынуда. Жалпы таза әрлеу алдындағы және таза әрлеудегі 142 пәтерді сату жоспарланып отыр. ҚТҚЖБ салымшылары үшін тұрғын үйдің бір шаршы метрінің құны нарық бағасынан 10 пайызға арзан болатынын ерекше атап өткен жөн. Бұл туралы Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі өкілдерінің ұйымдастыруымен өткен баспасөз турында мәлім болды.
– Бұл жерде қаланың дамып келе жатқан аудандарында орналасқан үш нысан туралы сөз болып отыр. Олардың жанында мектептер, балабақшалар, спорттық кешендер бар. Бұл үйлердегі пәтерлерді сатып алу үшін біздің салымшыларымызда 20 пайыз мөлшердегі бастапқы жарна болса жетіп жатыр. Ал несие бойынша жылдық мөлшерлеме 7 пайызды құрайды. Мысалы, бір бөлмелі пәтердің ең төменгі құны 6,5 млн. теңге болса, онда клиент 1,3 млн. теңге жинауы керек, – дейді «Тұрғынүй құрылысжинақбанкі» БҚО филиалының директоры Диас Рахымжан. Оның айтуынша, «Өз үйім» бағдарламасының бір артықшылығы оның қатысушылары басқа тұрғын үйге де иелік етуге құқылы. Сондай-ақ ҚТҚЖБ 7 пайыз жылдық мөлшерлеме бойынша заем алғаннан кейін займшы тағы бір тиімді дүниеге қол жеткізе алады. Кем дегенде үш жылдан кейін заем мөлшерлемесі 5 пайызға дейін төмендейді.

Мұндағы пәтерлердің бір бөлігі апатты үй тұрғындарының арасында бөлінеді. Ал қалған бөлігі ҚТҚЖБ салымшыларына тиесілі. Оның ішінде 20 пәтер пул құрастырушылар арқылы 1 шаршы метрінің құны 170 000 теңге таза әрлеуде банк салымшылары арасында жүзеге асырылған. Тікелей сатудағы таза әрлеу алдындағы үйдің әр шаршы метрінің құны 155000 теңгеден. Бұл аймақтағы тұрғын үй шаршы метрінің орташа құнынан әлдеқайда төмен. Мысалы, екі бөлмелі пәтердің ең төменгі құны – 10 млн. теңге. Бастапқы жарна үшін есепшотта 2 млн. теңге болуы тиіс. Учаске басшысы Заман Қуановтың айтуынша, мемлекеттік-жекешелік серіктестік аясында салынып жатқан үй құрылысы өткен жылдың тамыз айында басталған. Қазіргі таңда негізгі жұмыстар аяқталып, жылу, кәріз желілерін жүргізу жұмыстары жасалуда. Қазан айында су жаңа пәтерлер қожайындарына тапсырылады деп күтілуде. Үш бөлмелі пәтердің аумағы 80 шаршы метрден басталса, екі бөлмелілері 65 шаршы метр. Ас үйдің көлемі – 12-15 шаршы метр. Балкондары әйнекпен қапталады. Екі жеделсаты жұмыс істейді. Құрылыс заттарының 90 пайызы жергілікті өнеркәсіп орындарынан әкелінген. Әр қабатта жылуесептегіш құралдары орнатылады.
Біз келесі аялдаған 2-шақырым, 20-үй мекенжайында орналасқан тұрғын үйді «Ирменов.Ж.С.» құрылыс компаниясы салуда екен.
Құрылыс жұмыстарының басы-қасында жүрген учаске басшысы Ерлан Ильясовтың айтуынша, нысан құрылысы 2017 жылдың сәуір айында басталған. Осы жылдың қыркүйек айында эксплуатацияға тапсырылған. Үй жылы, әрі жарық, кең де қолайлы. Арнайы автономды жылыту қазандығы бар. Тұрғын үй кірпіштен салынып, 10 сантиметрлік фенопластпен қапталған. Жертөледен тұрғындар тұрмыстық жабдықтарын қоюға арналған арнайы қоймалар қарастырылған. Қазіргі нарықта бір бөлмелі, екі бөлмелі пәтерлер сұранысқа ие. Бір үйде екі балконнан бар.

Ал Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің үшінші нысаны үлестік құрылыс аясында салынып жатыр. Яғни банк салымшылары дәл қазір үй салынып жатқан сәтте пәтер сатып ала алады. Алыстан көз тартатын 9 қабатты 126 пәтерлік тұрғын үй Гагарин көшесі 1-үй мекенжайында орналасқан.
Құрылыс жұмыстарын жүргізіп жатқан «Stroy Baiterek» ЖШС осы жылдың қараша айында пайдалануға беруді көздеп отыр. Мұндағы таза әрлеудегі тұрғын үйдің әр шаршы метрі 170000 теңге. Нысандағы 12 пәтер апатты үй тұрғындарының еншісінде болса, 84 пәтер ҚТҚЖБ арқылы сатылады. Бұл үйдегі бір бөлмелі пәтердің құны 6,7 млн. теңгеден басталса, екі бөлмелі пәтер бағасы 10,5 млн. теңге, ал үш бөлмелі пәтер – 13,8 млн. теңге тұрады. Бастапқы жарна үшін есепшотта тұрғын үй құнының 20 пайызы болуы тиіс. «Stroy Baiterek» ЖШС директоры Абзал Сүйіншовтың мәліметіне сүйенсек, аталмыш үй апатты үйдің орнына салынуда. Бір бөлмелі үйлердің аумағы – 39,7 шаршы метрді құраса, екі бөлмелі пәтерлер – 43 шаршы метр, үш бөлмелілер 81 шаршы метрді құрайды. Үй монолитті каркастан салынған. Қабырғалары газоблоктан және кірпіштен қаланған. Коммуникациялық желілер орталықтандырылған. Аулада балалар ойын алаңқайы, автотұрақ болады.
Айта кету керек, салымшылардың қауіпсіздігі үшін Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі тек тұрғын үй құрылысын кепілдендіру қорынан кепілдік алған құрылыс компанияларымен ғана серіктестік орнатады.
Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің құрылғанына биыл – 15 жыл. Қазіргі таңда банктің тек Батыс Қазақстан облысының өзінде 62 мың салымшысы бар. Яғни қаладағы баспана құрылысымен айналысатын компаниялармен серіктестік байланыс орнатып, тұтынушылардың сенімінен шығып келеді.
Кәусар БАЙҒАЛИЕВА
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі жүгеріні терең өңдеу зауыты іске қосылады
Мемлекет басшысы Халықаралық кинология федерациясының президенті Тамаш Яккельді қабылдады
БҚО-да сұйытылған мұнай газымен қамту мәселесі тұрақты бақылауда
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жаңа тұжырымдамасы: ашықтық, цифрландыру және қоғаммен әріптестік
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
Елімізде жасанды интеллект пен цифрландыру бағыты жаңа деңгейге көтерілуде
«Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты облыстық форум аясында көрме ұйымдастырылды
Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды

Кіру
Пікір үстеу