49 АДАМ ЕЛДЕН ШЫҒАРЫЛДЫ
17 -20 қыркүйек аралығында Батыс Қазақстан облысы аумағында «Заңсыз келуші – 2018» республикалық жедел-профилактикалық іс шарасының 2-ші кезеңі өткізілді.

Аталған іс шараның негізгі мақсаты – облыстағы шетелдіктердің елде болу ережесін және жұмыс берушілердің шетелдік жұмыс күшін тарту ережесін бұзуларын анықтау, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету. БҚО ІІД КҚҚБ хабарлағандай, жедел-профилактикалық іс-шара нәтижелері бойынша 445 шетелдік ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабын, яғни Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін әкімшілікке жауапқа тартылған. Сондай-ақ шекара аймағында шекара режимін және жекелеген жерлерде болу тәртібін бұзғаны үшін 26 шетелдік ҚР ӘҚБтК-нің 510-бабына сәйкес, шетелдіктерді және азаматтығы жоқ адамдарды қабылдайтын жеке немесе заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін 111 Қазақстан Республикасының азаматы ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабында көрсетілгендей әкімшілік жауапкершілікке тартылған.
Шетелдік жұмыс күшін тарту ережелерін бұзған және шетелдік еңбек қызметін заңсыз жүзеге асырғаны үшін 24 жұмыс беруші ӘҚБтК 519-бабымен әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
БҚО ІІД қабылдау-тарату орнына жеті шетел азаматы қамауға алынған. Сот шешімі бойынша 49 адам, оның ішінде азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен – 11 адам елден шығарылған. Сондай-ақ, ҚР тыс шығарып жіберу туралы шешімді орындамаудың жеті фактісі және ҚР Мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өтуге қатысты екі факті анықталған.
Эльмира НҰҒМАНОВА
«Жайық үні «
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі жүгеріні терең өңдеу зауыты іске қосылады
Мемлекет басшысы Халықаралық кинология федерациясының президенті Тамаш Яккельді қабылдады
БҚО-да сұйытылған мұнай газымен қамту мәселесі тұрақты бақылауда
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жаңа тұжырымдамасы: ашықтық, цифрландыру және қоғаммен әріптестік
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
Елімізде жасанды интеллект пен цифрландыру бағыты жаңа деңгейге көтерілуде
«Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты облыстық форум аясында көрме ұйымдастырылды
Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды

Кіру
Пікір үстеу