ҒАЙСАҒАЛИ СЕЙТАҚТЫҢ ЖАҢА КІТАБЫНЫҢ ТҰСАУЫ КЕСІЛДІ
Ақын, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, Т.Айбергенов атындағы сыйлықтың лауреаты Ғайсағали Сейтақтың «Қасиет қонған қара жер» атты жаңа кітабы жарық көрді. Бүгін Х.Бөкеева атындағы қазақ драма театрында ақынның «Мен – Нарынның ұлымын» атты шығармашылық кеші өтіп, жаңа кітаптың тұсауы кесілді.

1978 жылдан басталған өлең өлкесіне ден қойған Ғайсағали Сейтақ «Маңдай», «Аман бол, атамекенім», «Нарынның нар ұлдары», «Ай-арудың алқасы», «Тек пен тамыр», «Жақыным менің – жалпақ ел» жыр жинақтарын жарыққа шығарса, енді міне, шығармашылық еңбегін «Қасиет қонған қара жер» атты кітабымен толықтырып отыр. Ақын бұл туындысында қазақ жері, атақоныстың қадірін қозғаған. Оқырманға жол тартқан жаңа кітап «Арыс» баспасынан басылған.
Салтанатты рәсімде жаңа кітаптың лентасын облыс әкімінің орынбасары Ғ.Оспанқұлов, ғалым, «Арыс» баспасының директоры Ғ.Әнес қиып, еңбек ардагері, Қазақстан Республикасының құрметті журналисі М.Қайырғалиев кітап авторына құттықтау лебізін білдірді. Өз сөзінде Ғайсағали Сейтақтың өлеңдері азаматтық парыз, жерді құрметтеу, ел азаматтарын сыйлау сынды парасатты ойлармен ерекшеленетінін айтып, жастарды кітап оқуға шақырды.

Бұдан соң, жиылған поэзиясүйер қауым ақынның шығармашылық кешіне куә боп жырмен сусындады. Кеште ақынның өлеңдеріне жазылған әндер шырқалды. Кеш иесі оқырманға жол тартқан жаңа кітабынан өлеңдер оқыды.

Шараға арнайы қатысқан облыс әкімінің орынбасары Ғайсағали Сейтаққа ізгі лебізін арнап, облыс әкімі Алтай Сейдірұлының және сенатор Бірғаным Әйтімованың құттықтау сәлемдемесін тарту етті. Зерделі сөздің толымды ортасынан құрметін білдіре келген Қазақстан жазушылар Одағы басқармасы төрағасының орынбасары, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының, «Бауыржан Момышұлы атындағы Қызыл жұлдыз» орденінің иегері, халықаралық «Шабыт» фестивалінің лауреаты Бақыт Беделхан Одаққа мүше 820 ақын-жазушының атынан құттықтап, сый-сыяпат табыстады. Жазушы-эссеист, әдебиеттанушы-ғалым, филология ғылымдарының кандидаты Мақсат Тәж-Мұрат, ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор, «Арыс» қорының президенті Ғарифолла Әнес, Халықаралық «ҚазАқпарат» агенттігі бас директорының кеңесшісі, жуналист Қанат Мәметқазыұлы, «Жүз жаңа есім» жобасының жеңімпазы Ақсерік Әйтімов тәуелсіз еліміздің рухани құндылығына қосылған ақынның шығармалар жинағы ел игілігіне, рухы жоғары, білімді ұрпақ тәрбиелеуге қызмет етсін деген жүрекжарды лебіздерін білдірді.

Елмұра АСХАТҚЫЗЫ
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі жүгеріні терең өңдеу зауыты іске қосылады
Мемлекет басшысы Халықаралық кинология федерациясының президенті Тамаш Яккельді қабылдады
БҚО-да сұйытылған мұнай газымен қамту мәселесі тұрақты бақылауда
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жаңа тұжырымдамасы: ашықтық, цифрландыру және қоғаммен әріптестік
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
Елімізде жасанды интеллект пен цифрландыру бағыты жаңа деңгейге көтерілуде
«Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты облыстық форум аясында көрме ұйымдастырылды
Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды

Кіру
Пікір үстеу