Қолөнер бұйымдарын арбаттан табасыз
Қала күніне арналған мерекелік шаралар басталды. 3 қыркүйек күні Дина Нұрпейісова көшесі бойындағы арбатта киіз үйлер тігіліп, «Орал – шеберлер қаласы» атты қолөнер шеберлерінің жәрмеңкесі ашылды. Бұл жәрмеңке 8 қыркүйекке дейін жалғаспақ. Оған шаһар шеберлерімен қатар аудандардың және Ресейдің Тамбов қаласынан келген шеберлер қатысуда.
Олардың қатарында іргелі кәсіпкерлер, өзінің сүйікті ісін кәсіпке айналдыруды бастағандар, қоғамдық бірлестіктер мен қосымша білім беру ұйымдары бар. Шеберлер жәрмеңкесінің ашылуында қала әкімінің орынбасары Мирболат Нұржанов қалалықтарды шаһар тойымен құттықтап, қаланың әр түкпірінде өтетін айтулы шараларға белсене қатысуға шақырды.


Көрме-жәрмеңкені ұйымдастырудағы мақсат – алтын қолды өңір тұрғындарын насихаттау, дайындаған өнімдерін бір жерден сатуға мүмкіндік жасау. Жәрмеңкеде көздің жауын алар түрлі бұйымдарды кезіктіруге болады. Бисердан дайындалған сәндік әшекейлер, құмыралар, тоқыма бұйымдары, балаларға арналған маторикалық кітаптар, қабырға суреттері мен ұлттық киімдер, кәдесыйлар, көрпешелер бар. Мәселен, Жазира Мұхамбетжанова өзі тіккен балалар киімдерін саттыққа шығарған. Тігіншілікті оқып, кейін осы салада ұстаздық еткен ол соңғы үш жылда тұрақты түрде өзінің сүйікті ісінен пайда тауып, кәсібін дөңгелеткен. Қазір оның өнімдері өзіміздің облысымыздан тыс тапсырыс бойынша Қарағанды, Өскемен қалаларына жеткізілуде. Болашақта «Жазидан махаббатпен» брендімен өнімдерінің таралымын арттырмақ ниеті бар.

– Сәбиім дүниеге келген кезден бастап, тігіншілікпен айналысуды бастадым. Нәрестелердің жейдесінен бастап, бес жастағы балалардың күртесіне дейін тігемін. Киімдердің матасы да, тігісі де сапалы болуына мән беремін. Бағасын шикізаттың шығынына және жұмысына байланысты қойдым. Материалды Ресейден және Бішкектен алдыртамын, – дейді Жазира.
Көрме-жәрмеңкеде көпшілікті қызықтырған Науша Лұқпанованың ұршығы. Бала кезінен тоқымамен айналысатын аруға мұны әжесі сыйға тартыпты.
– Қазір мұндай ұршықты көпшілігі қолданбайды. Дайын жіптерді сатып алғанды жөн көреміз. Сондықтан көпшілікке көрсетейін, жастар осындай бұйымның бар екенін көрсін деген ниетпен алып келдім. Өзім ара-тұра пайдаланымын. Негізінен жіптерді Италиядан тапсырыспен алдыртып отырмын. Олар таза жүннен өңделеді. Жүннен тоқылған өнімдерге сұраныс жоғары деп айта алмаймын. Өйткені табиғи өнімнің пайдасын халық түсіне бермейді. Көбіне сырты жылтыр дүниеге қызығады, – деп өкінішін білдірді Науша.
Ал әйелдерге арналған эксклюзивті киімдер тігетін ресейлік «Лис» фирмасы Оралдағы жәрмеңкеге алғаш рет қатысуда.


– Бұған дейін Ресейдегі көрсетілімдерге қатысып жүрдік. Оралға бірінші рет келуіміз. Байланысты нығайту үшін мұндай шараларға қатысудың маңызы зор деп білемін. Көлік ханымдарына арналған ерекше кеудешелер мен күртешелерді бізден басқа ешкім тікпейді. Түлкі, қасқыр, жанат, құндыз, бұлғын терілерін қолданамыз. Оралға 400-дей өнім алып келдік. Бағалары 40 мың теңгеден басталады, – дейді фирма басшысы Евгений Головлев.
Айта кету керек, қолданбалы өнер шеберлерінің жәрмеңкесі жыл басынан бері әр ай сайын тұрақты өткізіліп келеді. Қолдан дайындалған бұйымдарға халықтың да қызығушылығы арта түскен. Жерлес шеберлеріміз таяуда Ресейдің Самара қаласында өткен этнографиялық тарихи көрмеде бұйымдары көпшілікке ұсынған болатын. Ал осы қыркүйек айында Пенза, Астрахань қалаларына бармақ. Ұйымдастырушы – «Ғылыми зерттеулерді қолдау қоры» жеке қорының директоры Айболат Құрымбаевтың айтуынша, 8 қыркүйекте қолөнер бұйымдарының түрі көбейтіліп, шеберлік сағаттары ұйымдастырылады.
Эльмира НҰҒМАНОВА
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
«Жаңа талап» мемлекеттік қызмет мектебінің жаңа оқу жылы басталды
КАЗТАЛОВ АУДАНЫНДА 2 МЛРД ТЕҢГЕНІҢ 26 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАСЫ БОЙЫНША МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ
Конституцияның 6-бабы: саяси әралуандық пен қоғамдық тұрақтылықтың құқықтық негізі
АВТОМОБИЛЬ КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОЖОЛ САЛАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНДІ
Болашақтың экономикасына байыппен көшуге құқықтық негіз болатын жаңа Азаматтық кодекс қабылдау қажет»
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 28 қазан күні Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
Президент шет мемлекеттер басшыларының Ұлттық мерекемізге орай жолдаған құттықтауларына ризашылығын білдірді
ОРАЛДА РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ МЕМЛЕКЕТТІК ТУ КӨТЕРУ РӘСІМІ ӨТТІ
Облыс әкімі Нариман Төреғалиевтің Республика күнімен құттықтауы
Жедел медициналық көмек станциясының жаңа әкімшілік ғимараты салынуда
Батыс Қазақстан облысында Республика күні қарсаңында сенбіліктер мен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті
Мемлекет басшысы NVIDIA компаниясының негізін қалаушы және президенті Дженсен Хуангты қабылдады
«Подстепное – Федоровка – Ресей Федерациясының шекарасы»: БҚО-да автомобиль жолы пайдалануға берілді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Республика күніне арналған салтанатты жиында сөз сөйледі
Президент Республика күні қарсаңында бір топ азаматты мемлекеттік наградалармен марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды

Кіру
Пікір үстеу