6 248 оқушы 1 сыныпқа барады
Жаңа 2018-2019 оқу жылында Орал қаласы мектептерінде 47 217 оқушы білім алады деп күтілуде. Мектепалды даярлық топтарына 4 240, 1 сыныпқа 6 248 баланың ата-анасы өтініш берген.

Қалалық білім беру бөлімінің мәліметінше, биыл қалада 50 күндізгі жалпы орта білім беретін мектеп жұмыс жасайды. Олардың 23-і мемлекеттік тілде, 14-і орыс тілінде, 13-і екі тілде оқытады. Сондай-ақ 50 мемлекеттік, 36 жеке балабақша, 10 қосымша білім беру ұйымдары, 1 өндірістік-оқу комбинаты, 1 кешкі (ауысымды) орта білім беретін мектеп жұмыс істейді.
Оқушылар саны өткен жылғыдан 4 240 балаға артық болмақ. 1 сыныпқа қабылданатын балалар да 1 000 балаға артып отыр. Жалпы бала санының артуы кейбір мектептерде орын және мамандардың тапшылығына себеп болуда.
Ағымдағы жылы екі білім беру нысанына күрделі жөндеуден өтті. №19 жалпы орта білім беретін мектебі үшін облыстық бюджеттен 200 473 мың теңге жұмсалса, жергілікті бюджеттен бөлінген 170 159 мың теңгеге №24 «Солнышко» мектепке дейінгі ұйымы күрделі жөнделді. Қалған мектептердің барлығы ағымдағы жөндеуден өткен. Қазір №21, 22, 25, 45 мектептерінде күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін жобалық-сметалық құжаттамалар жасақталуда. Жылыту маусымына дайындық қызу. Қазіргі уақытта білім саласы нысандарының 99 пайызы әзірлік паспорттарын алған.
Өткен оқу жылында апатты жағдайдағы №4 мектептің орнына жобалық қуаты 300 орындық жаңа мектеп, Деркөл кентінде 600 орындық №48 және 600 орындық №49 мектептер пайдалануға берілген болатын. Соның нәтижесінде №12 мектептегі үш ауысымда оқыту жойылды. Дегенмен, қалада әлі 5 мектеп үш ауысымда жұмыс жасайды. Олар – Зашаған кенті аумағындағы №10, 20, 47, Меловые горки ауылындағы №18 және қала орталығындағы эстетикалық бағыттағы гимназия. Зачаганск кентіндегі «Сарытау» шағын ауданында 900 орындық мектептің құрылысы аяқталуға таяу. Нысан қолданысқа берілісімен осы аудандағы мектептерден 800-дей оқушы осы білім ұясына көшірілмек. Биыл сегіз мектепке 2 300 оқушы тасымалмен оқиды. Ол үшін 20 автобус шығарылуда.
Мектеп оқушыларының, мектепке дейінгі және қосымша білім беру ұйымдары тәрбиеленушілерінің және қызметкерлердің қауіпсіздігі үшін барлық білім беру нысандарына бейнебақылау камералары, «Мүлдем төзбеушілік» аумағындағы бес мектепке турникеттер қойылған. Оқулықтар қалаға толығымен жеткізіліп, мектептерге таратылуда.
– 948 585 мың теңгеге 794 265 дана оқулық алынды. Олар жаңартылған білім мазмұны бағдарламасына көшетін 3,6,8 сыныптар үшін және оқушылар контингентінің артуына байланысты 1, 2, 9, және 11 сыныптың оқулықтары. Ағылшын тілінде оқытуға көшуге байланысты көптілділік бойынша 3000 дана оқулық алынды. Кезекті оқу жылында 1-4 сынып оқушылар мен аз қамтылған отбасы балаларын ыстық тамақпен қамтамасыз ету үшін 401,1 млн., аз қамтылған отбасы балаларына киім мен оқу құралдарын алуға 42 717 мың теңге бөлінді, – дейді қалалық білім беру бөлімі басшысының орынбасары Жанна Сахыпкереева.
Эльмира НҰҒМАНОВА
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
«Таза Қазақстан»: прокуратура органдарында цифрлық шешімдер енгізіліп, экологиялық бақылау күшейтілуде
«Сыбайлас жемқорлықсыз қоғам – жарқын болашақ кепілі» атты эссе байқауы қорытындыланды
День животноводов – признание вклада аграриев в продовольственную безопасность страны
«Әділет» партиясының филиалдары Қазақстанның барлық өңірінде құрылады
Бөкей хандығының 225 жылдығы аясында «BOKEI ORDA TRAIL» жүгіру жарысы өтті
10 мыңнан астам жұмыс орны және сенімді энергия: атом электр станциясын салудың негізгі артықшылықтары
БҚО делегациясы Қытай кәсіпорындарында инвестициялық келіссөздер жүргізді
Облыс делегациясы мұнай-химия өндірісінің озық тәжірибелерімен танысты
Қазақстанда 2029 жылға дейінгі халық табысын арттыру жөніндегі кешенді жоспар қабылданды
В Казахстане принята Общенациональная стратегия «Digital Qazaqstan» до 2029 года
Бөрлі ауданында сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған бірқатар іс-шара өтті
Қытай сапары: аймақ басшысы Нариман Төреғалиев Ляонин провинциясы партия комитетінің хатшысымен кездесті
157 стран поддержали кандидатуру Ляззат Калтаевой на выборах в комитет ООН
Заңнамалық өзгерістер және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері қаралды
Қытай сапары: БҚО әкімі Нариман Төреғалиев Ляонин провинциясының губернаторы Ван Синьвэймен кездесті
«Таза Қазақстан»: Астанада бір топ жас экологиялық акция өткізді
Қазақы тазы Болоньяда өткен World Dog Show 2026 көрмесінде салтанатты түрде таныстырылды

Кіру
Пікір үстеу