8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
22 Қазан 2019 1938 0
Қалалықтар қаперіне

ОРАЛДА «ҚАУІПСІЗ ЖОЛ» ЖЕДЕЛ АЛДЫН АЛУ ШАРАСЫ ӨТУДЕ

Соңғы кездері Батыс Қазақстан облысының орталығы Орал қаласында жол-көлік апаттарының жиі орын алуда. Осыған орай қалада «Қауіпсіз жол» атты жедел алдын алу іс-шарасы басталды. Шара 27 қазанға дейін жалғасады. 

Атамыш іс-шара кезінде жүргізушілердің  көлік рө»ліне мас күйінде отырмаулары және көлік жүргізбеулері, жанама көлікті қуып алдыңғы қатарға жарыса шықпауы, бағдаршамға бағынулары, көше қиылыстарында жол ережесін қатаң сақтаулары, қауіпсіздік белдігін тағып, көлік жүргізу кезінде қалта телефондарымен сөйлеспеулері міндетті түрде тексеріледі.

Сонымен қатар, соңғы кездері жаяу жүргіншілерді  ақ жолақ белгілері орнатылған тұстарда қағып кету, қоғамдық орындарда қағып өтіп бой тасалау сынды соңы кісі өліміне соқтыратын фактілерге  тосқауыл қою үшін алкоголь ішімдігімен ауызданған жүргізушілер арнайы емдеу мекемелеріне жеткізіледі.

– Жаяу жүргіншілер өтпесі тұсында патрульдік полиция баталонының инспекторлары арнайы қондырғылары орнатылған көліктермен жол үстінде жүріп, жол қозғалысына қатысушыларды апаттардан сақтандыруға шақырады. Құқықтары мен міндеттері түсіндіріледі. Жаяу жүргінші рұқсат етілмеген жерден өткен болса,  әкімшілік жауапкершілікке тартылатынын ескертеміз,-дейді Орал қ.ПБ ЖПҚб аға инспекторы полиция майоры Динара Абдулкалыкова.

Күз мезгілінде ауа-райының қолайсыздығы, жауын-шашын әсерінен асфальт бетінің  күңгірттенуі жүргізушілрге де қиындық туғызатыны жасырын есмес. Ендеше, көлік руліндегі жүргізуші мен жаяу жүргінші, жалпы жол қозғалысына қатысушылар сақтық ережелерін естен шығармай, жол үстінде абай болғандары жөн.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
245 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
276 0
Құттықтаймыз!
Медицина қызметкерлері марапатталды
23 Қазан 2026
253 0
Өңір жаңалықтары
Қабыршақтыда жаңа мәдениет ошағы ашылды
22 Қазан 2026
291 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»