8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
01 Қыркүйек 2019 2760 0
Қоғам

АҚСАЙДАҒЫ №6 ОРТА МЕКТЕБІ МЕКТЕП-ЛИЦЕЙ БОЛЫП ҚАЙТА ҚҰРЫЛДЫ

Ақсай қаласындағы №6 мектеп – лицейінде оқу жылының басталуына орай салтанатты жиын өтті. Шараға БҚО білім басқармасы басшысы А.Тржанова, мектеп ұжымы, ата-аналар мен оқушылар қатысты.


Лицейдің алғашқы қоңырау салтанатына қатысқан білім басқармасының басшысы А.Тржанова ашылу салтанатымен құттықтап, оқушыларға биіктен көрінетін білім иегерлері атануына және жаңа оқу жылында шығармашылық табыс тіледі.
Аудан әкімінің ұсынысымен 2019 жылдың 7 шілде күнгі қаулысымен мектеп –лицей болып құрылуға қаулы қабылданған. Жаратылыстану-математика бағытында тереңдетіп білім беретін жаңа мектеп-лицей алғашқы оқу жылын 1760 оқушымен бастап отыр. Лицей сыныптарына арнайы сынақпен ауданның және көршілес ауданнан 5-10 сыныптарға 380 оқушы қабылданған. Мектеп – лицейді ашудағы негізгі мақсат «дарынды оқушының моделіне» сай келетін оқушы қалыптастыру, инновациялық технологиялар арқылы оқушылардың танымдық белсенділігімен шығармашылық қабілеттерін дамытуға жағдай жасау. Алға қойған мақсаттарды жүзеге асыруда шебер – педагог, зерттеуші -педагог және сарапшы – педагог санаттарындағы ауданның білікті ұстаздары дәріс бермек.
2018-2019 оқу жылының нәтижесі бойынша мектепті 4 алтын белгі иегері тәмәмдаса, ҰБТ қорытындысы бойынша көрсеткіш 91,5 пайызды құраған. Бұл көрсеткіш өткен оқу жылымен салыстырғанда 21,1 баллға өскен.

БҚО білім басқармасы баспасөз қызметі

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Әлем жаңалықтары
В ОАЭ запретили соцсети для детей младше 15 лет
19 Маусым 2026
44 0
Білім
Педагогтерді қолдап отыр
17 Маусым 2026
141 0
Мәдениет
400 мыңнан астам кітап қоры бар
16 Маусым 2026
195 0
Қалалықтар қаперіне
Шаған көпірі уақытша жабылады
13 Маусым 2026
259 0
Қоғам
Бюджет атқарылуы бақылауда
12 Маусым 2026
291 0
Экология
Абаттандыру – басты назарда
11 Маусым 2026
336 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»