8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
17 Тамыз 2018 2091 0
Қалалықтар қаперіне

Бастысы – баға қолжетімді

Шаһарда дәстүрлі ауыл шаруашылық жәрмеңкесі басталды.

11 тамыз күні ұйымдастырылған алғашқы жәрмеңкеде 3 млн.-ға жуық теңгенің өнімі саттыққа шығарылды. Жалпы 50 шақты тауар өндіруші қатысып, негізінен картоп, көкөніс пен бақша дақылдарын ұсынды. Әрі өнімдер нарықтағыдан 20 пайызға төмен бағада саудаланды. Тұтынушылар үшін картоп кең сұраныста болды. Оның бағасы – 65-75 теңге аралығында ұсынылса, қызанақ – 80, қияр – 40-тан, 10 дана жұмыртқа – 140 теңгеден болды. Тұтынушылар өнімдерді өндірушілерден делдалсыз арзан бағада алып қуанса, диқандар ала жаздай тер төгіп, өсірген өнімдерін сату үшін орынның тегін берілгеніне риза.

Жәрмеңкені аралап көрген облыс әкімінің орынбасары Игорь Стексов сұраныстың жоғары болуына байланысты жәрмеңкені сенбімен қатар жексенбі күндері де ұйымдастыру жоспарланғанын жеткізді.

– Бастысы – баға қолжетімді. Дақылдардың сапасы да жоғары. Жәрмеңке екі ай бойы жалғасады, – деді Игорь Валерьевич.

Алғашқы жәрмеңкеге Ақжайық, Теректі, Зеленов аудандарының шаруалары қатысты.

Кәусар БАЙҒАЛИЕВА

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Мәдениет
400 мыңнан астам кітап қоры бар
16 Маусым 2026
123 0
Қалалықтар қаперіне
Шаған көпірі уақытша жабылады
13 Маусым 2026
192 0
Қоғам
Бюджет атқарылуы бақылауда
12 Маусым 2026
232 0
Экология
Абаттандыру – басты назарда
11 Маусым 2026
270 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»