8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
04 Сәуір 2019 1588 0
Қоғам

13 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБА СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ СҮЙЕМЕЛДЕНУДЕ

Батыс Қазақстан облысында «Protecting Business and Investments» жобасы аясында 13 инвестициялық жоба сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелденуде. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі ақпарат алаңында өткен брифингте айтылды.

Жоба өткен жылдан бастап ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің БҚО бойынша департаменті мен «Kazakhinvest» АҚ-ның аймақтық өкілдігімен бірлесе жүзеге асырылуда.
Мақсат – сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдеу бойынша жолыққан инвесторлар мен кәсіпкерлердің қызметіндегі әкімшілік кедергілер мен сыбайластық шығындарды жою.

Жобаны іске асыру механизмі инвесторды сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы келісімге қол қою арқылы жүзеге асырылуда. Департамент келісімнің бір тарапы ретінде кәсіпкерді сүйемелдейді, оны 100% әкімшілік және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінен, лауазымды тұлғалардың жағымсыз іс-әрекеттерінен қорғайды және пайда болған мәселелерді Заң аясында шешеді.
Инвесторға қойылатын талап біреу – адал және белсенді бизнес, сондай-ақ салығын төлеу.

– Бұрын инвестор мемлекеттік органға жүгінген кезде жиі заңның коллизиясы, қақтығыстар мен қиындықтарға тап болып, әрқашан өздерінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғай алмады. Қазіргі кезде аймақтағы жобалық офис қызметкерлерінің консультациялық және ұйымдастырушылық қолдауы арқылы инвестициялық және бизнеске қатысты барлық мәселелер инвесторға жедел және заң шеңберінде шешуге мүмкіндік берді. Бұл қолдау ақысыз түрде беріледі, – дейді ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі БҚО департаменттің Сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының басшысы Біржан Хайруллин.

Мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылды жүзеге асыру кезінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға ықпал ететін негізгі себептер мен жағдайларды атаған департаменттегі басқарма басшысы көбінесе, бейресми төлем мемлекеттік қызметкерлердің өз функцияларын дұрыс орындауы үшін кепілдік ретінде қабылданатынын, сондықтан мемлекеттік органдардың қызметінде клиентке бағдарлану болмайтынын айтты.

Жоба кеңсесі Орал қаласындағы Чагано-Набережная көшесі, 82 мекенжайы бойынша орналасқан. Жобаға жауапты тұлғалар бекітіліп, олар бизнес-жобаларды «қолмен басқару режимінде» жүргізуде. Олар бизнесті дамыту үшін туындайтын барлық бизнес-мәселелерді заңды түрде шешуге көмектесіп келеді.
Бүгінге дейін облыстық фронт-кеңсеге кәсіпкерлерден 13 өтініш түсіп, олардың 7-і оң шешілген. Жалпы сомасы 846 млрд. теңгеден асатын 13 инвестициялық жоба сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелденуде.

– Кәсіпкерлер мәселелерінің оңтайлы шешілген мысалдардың бірі – «Квант» ЖШС құны 1,5 миллиард теңгені құрайтын инвестиция үшін жиһаз фабрикасын салу бойынша жұмыс жобасын мемлекеттік сараптама алуына көмек көрсетілді. Сонымен қатар, «Ақжайық-Адалдық алаңы» жобасы шеңберінде телеграмм акаунтында STOP КОРРУПЦИЯ бот-сұхбаты іске қосылды, оның мақсаты тұрмыстық жемқорлықты жою үшін тиімді шаралар әзірлеу бойынша ұсыныстар жинақтау. Біз өз тарапымыздан сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдеуге және бизнесті, инвестицияларды қорғауға кепілдік береміз және барлық инвесторлар мен кәсіпкерлерді сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдеу туралы келісімге қол қоюға шақырамыз, – деді Біржан Марданұлы.

Кеңсеге 8 7112 51 01 94 байланыс телефоны арқылы хабарласуға болады.

Сондай-ақ  сыбайлас жемқорлық фактілері туралы Агенттікке ресми хат жіберуге немесе Ұлттық бюроның және оның аумақтық бөлімшелерінің кезекші бөлімдеріне, аптаның 7 күнінде тәулік бойы жұмыс жасайтын 1424 call-орталықтарына хабарлауға мүмкіндік бар. Қоңырау шалу тегін.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
356 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
443 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
500 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
511 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
561 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
303 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
783 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
813 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
764 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
715 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
758 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
941 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»