8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
06 Қазан 2026 286 0
Заң және тәртіп

Оралда жүргізуші куәлігінен айырылған азамат есірткіге масаң күйде көлік басқарған

Оралда көлік басқару құқығынан айырылған тұрғын есірткіге масаң күйде қайта көлік тізгіндеген, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Оқиға түнгі сағат 02:45 шамасында Орал қаласының көшелерінің бірінде болған. Полиция қызметкерлері Lada Largus автокөлігін тоқтатқан. Көлікті Оралдың 30 жастағы тұрғыны басқарған. Медициналық куәландыру нәтижесінде жүргізушінің есірткіге масаң күйде болғаны анықталды. Сонымен қатар аталған азаматтың бұған дейін 7 жыл мерзімге көлік басқару құқығынан айырылғаны белгілі болды. Осы факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 346-бабының 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Аталған бап бойынша 5 000 айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салу, сол мөлшерде түзеу жұмыстарына тарту, 1 200 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тарту, 5 жылға дейін бас бостандығын шектеу немесе 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген.

Полиция жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға және көлікті алкогольдік немесе есірткілік масаң күйде басқармауға шақырады. Масаң күйде көлік жүргізу жүргізушінің жолдағы жағдайды дұрыс бағалау қабілетін төмендетіп, жол-көлік оқиғасына әкелуі мүмкін. Мұндай әрекет жүргізушінің өз өмірі мен денсаулығына ғана емес, жолаушылар мен жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігіне де үлкен қауіп төндіреді.

Ақпарат көзі Polisia.kz сайтында

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
«Әділет» партиясы
ТАЗАЛЫҚ ПЕН ТӘРТІП – ОРТАҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК
21 Қараша 2026
107 0
«Әділет» партиясы
АМАНГЕЛДІЛІКТЕР ЖОЛ МӘСЕЛЕСІН КӨТЕРДІ
20 Қараша 2026
152 0
«Әділет» партиясы
АУЫЛ ӨМІРІНЕ ҚАТЫСТЫ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ
19 Қараша 2026
190 0
«Әділет» партиясы
АҚПАРАТТЫҚ НАУҚАН ҚАРҚЫН АЛА ТҮСУДЕ
19 Қараша 2026
206 0
«Әділет» партиясы
АУЫЛ БОЛАШАҒЫ – ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ТҰРАҚТАУЫНДА
18 Қараша 2026
224 0
«Әділет» партиясы
«ЖАЙЫҚЖЫЛУҚУАТ» ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ
17 Қараша 2026
262 0
«Әділет» партиясы
ӨҢІРДЕ САЙЛАУАЛДЫ НАУҚАН ҚАРҚЫН АЛУДА
17 Қараша 2026
251 0
Заң және тәртіп
Тоқаев жүйелі тәртіпті жасауға кірісті
13 Қараша 2026
361 0
«Әділет» партиясы
ЕҢБЕК АДАМЫНЫҢ МҮДДЕСІ – БАСТЫ НАЗАРДА
12 Қараша 2026
416 0
«Әділет» партиясы
БИЗНЕС ДАМУЫ – ӨҢІР ӨРКЕНДЕУІНІҢ КЕПІЛІ
11 Қараша 2026
443 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»