8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
02 Қазан 2026 468 0
«Әділет» партиясы

«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫ ӘЛЕУМЕТТІК ОСАЛ САНАТТАҒЫ ЖАСТАРҒА 10 БІЛІМ ГРАНТЫН ҰСЫНАДЫ

«Әділет» партиясының «Ұстаз айтса» диалог алаңының аясында Оралда «Әділет» партиясының Батыс Қазақстан облыстық филиалы мен Мағжан Жұмабаев атындағы Халықаралық жоғары колледж арасында жастарды қолдау және білім беру мүмкіндіктерін кеңейту бағытындағы меморандумға қол қойылды. 

Құжатқа «Әділет» партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалының төрағасы Бауржан Бектұрған мен Мағжан Жұмабаев атындағы Халықаралық жоғары колледж президенті Қошқарбаев Жомарт Қасымханұлы қол қойды.

Меморандум аясында 2027–2028 оқу жылына Батыс Қазақстан облысының әлеуметтік осал санаттарына жататын жастарға 10 білім грантын бөлу туралы келісімге қол жеткізілді.

Гранттар колледжде жүзеге асырылатын түрлі білім беру бағдарламалары бойынша ұсынылады. Үміткерлерді іріктеу тәртібі, білім беру бағдарламалары, гранттарды бөлу және өзге де талаптар тараптардың келісімімен қосымша айқындалады.

Жобаның негізгі мақсаты – әлеуметтік тұрғыдан қолдауды қажет ететін жастардың кәсіптік білім алуына мүмкіндік жасау, олардың білімге қолжетімділігін арттыру және болашақ мамандығын таңдауға қолдау көрсету.

«Әділет» партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалының төрағасы Бауржан Бектұрған білім беру саласындағы мұндай бастамалардың жастардың болашағына тікелей әсер ететінін атап өтті.

«Жастардың сапалы білім алуына жағдай жасау – маңызды міндеттердің бірі. Әсіресе әлеуметтік осал санаттағы отбасылардан шыққан жастар үшін білім гранты үлкен мүмкіндік. Біздің мақсатымыз – жастарға нақты қолдау көрсетіп, олардың кәсіби білім алуына және болашақта қоғамның белсенді мүшесі ретінде қалыптасуына мүмкіндік беру», – деді Бауржан Бектұрған.

Меморандум аясындағы ынтымақтастық тек грант бөлумен шектелмейді. Тараптар жастарды кәсіптік бағдарлау, кәсіби білім беруді насихаттау, жастар бастамаларын қолдау және білім беру жобаларын бірлесіп жүзеге асыру бағыттарында да жұмыс жүргізуді көздеп отыр.

Өз кезегінде колледж тарапынан грант иегерлеріне келісілген білім беру бағдарламалары бойынша оқу мүмкіндігі ұсынылып, білім алушыларға қажетті ақпараттық және ұйымдастырушылық қолдау көрсетіледі.

Мағжан Жұмабаев атындағы Халықаралық жоғары колледж президенті Қошқарбаев Жомарт Қасымханұлы республика бойынша бұл ұсынысты неліктен Батыс Қазақстан облысына тоқталығандығы туралы кеңінен тоқталып өтті.

– Батыс өңірі – еліміздің тарихы бастау алатын мекен. «Тұңғыштар мекені» бекер айтылмаса керек, еліміз бойынша ең бірінші банк системасы да, кино әлемі де осы өңір арқылы бастау алды. Айта берсе, әрине көп. Ұстаздар күніне орай, сонымен қатар Жоғары білім беру қызметкерлерінің күніне орай, студенттерімізге қолдау ретінде осындай бастаманы қолға алып, «Әділет» партиясының Батыс Қазақстан облысындағы өңірлік филиалына қолқа салған болатынбыз. Ұсынысымызды қабыл алғандарыңызға алғыс білдіреміз. Бұл акцияны барлық облыстарда жалғастырып, жылдан-жылға грант санын көбейтеміз деген жоспар бар, – деді колледж басшысы.

Жалпы, бастама әлеуметтік жағдайына байланысты білім алуда қосымша қолдауды қажет ететін жастарға жаңа мүмкіндік беріп, олардың кәсіби маман ретінде қалыптасуына жол ашуға бағытталған.

 

«Әділет» партиясы БҚОФ баспасөз қызметі

 

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
«Әділет» партиясы
ТАЗАЛЫҚ ПЕН ТӘРТІП – ОРТАҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК
21 Қараша 2026
108 0
«Әділет» партиясы
АМАНГЕЛДІЛІКТЕР ЖОЛ МӘСЕЛЕСІН КӨТЕРДІ
20 Қараша 2026
154 0
«Әділет» партиясы
АУЫЛ ӨМІРІНЕ ҚАТЫСТЫ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ
19 Қараша 2026
191 0
«Әділет» партиясы
АҚПАРАТТЫҚ НАУҚАН ҚАРҚЫН АЛА ТҮСУДЕ
19 Қараша 2026
208 0
«Әділет» партиясы
АУЫЛ БОЛАШАҒЫ – ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ТҰРАҚТАУЫНДА
18 Қараша 2026
225 0
«Әділет» партиясы
«ЖАЙЫҚЖЫЛУҚУАТ» ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ
17 Қараша 2026
262 0
«Әділет» партиясы
ӨҢІРДЕ САЙЛАУАЛДЫ НАУҚАН ҚАРҚЫН АЛУДА
17 Қараша 2026
251 0
Заң және тәртіп
Тоқаев жүйелі тәртіпті жасауға кірісті
13 Қараша 2026
361 0
«Әділет» партиясы
ЕҢБЕК АДАМЫНЫҢ МҮДДЕСІ – БАСТЫ НАЗАРДА
12 Қараша 2026
416 0
«Әділет» партиясы
БИЗНЕС ДАМУЫ – ӨҢІР ӨРКЕНДЕУІНІҢ КЕПІЛІ
11 Қараша 2026
443 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»