Қазақстандағы төмен байытылған уран банкі: сақтау кезінде қандай технологиялар қолданылады?
«Уран банкі» тіркесі ерекше болып көрінуі мүмкін, тіпті сақ болуға мәжбүр етеді. Алайда, әңгіме ядролық отын өндірісі немесе радиоактивті қалдықтарды сақтау туралы болып отырған жоқ. Өскемендегі Үлбі металлургиялық зауытының аумағында ерекше жағдайларда, атом электр станциялары үшін отын жеткізудің сенімділігін қамтамасыз ету үшін құрылған ядролық материалдың халықаралық резерві – МАГАТЭ-нің Төмен байытылған уран банкі орналасқан, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Бұл нысан ядролық материалдарды ұзақ мерзімді сақтауды ұйымдастырудың мысалы ретінде қызмет етеді. Банкке орналастырылған төмен байытылған уран Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттікке тиесілі. Үлбі металлургия зауыты нысан операторының функцияларын орындайды, ал Қазақстан қабылдаушы ел ретінде ядролық, радиациялық және ядролық физикалық қауіпсіздіктің ұлттық талаптарының сақталуын қамтамасыз етеді.
Банкте 90 тонна төмен байытылған уран гексафторид түрінде сақталады. Уран-235 изотопының мөлшері 4,95 пайыздан аспайды. Мұндай материал жеңіл су реакторлары үшін отын өндірісінде қолданылады. Бұл ретте Банк алаңында уранды байыту да, отын құрастырылымдарын дайындау да жүзеге асырылмайды. Мұнда тек бастапқы материал сақталады, оны қажет болған жағдайда, мамандандырылған кәсіпорындарда ядролық отын өндіруге беруге болады.
Қалыпты температурада уран гексафториді қатты күйде болады. Ол осы материалды тасымалдау және ұзақ уақыт сақтау үшін арнайы жасалған герметикалық болат цилиндрлерде сақталады. Банкке барлығы 60 цилиндр орналастырылған. Олардың құрылымы халықаралық талаптарға сәйкес келеді және өзіне орналастырылғандарды қоршаған ортадан сенімді оқшаулауды қамтамасыз етеді.
Уран гексафториді ылғалмен әрекеттесуге қабілетті болғандықтан, цилиндрлердің тығыздығына және олардың техникалық жағдайына ерекше назар аударылады. Олар үнемі тексеруден өтеді және белгіленген уақыт аралығында қайта сертификатталады. Атом саласында ұзақ мерзімді сақтау нысанның бүкіл қызмет ету мерзімі ішінде материал мен жабдықтың жай-күйін үнемі бақылауды білдіреді.
Тасымалдау кезінде цилиндрлер механикалық жүктемелерге және жоғары температураның әсеріне арналған арнайы қорғаныш көліктік қаптама жиынтықтарына орналастырылады. Жеткізілгеннен кейін әр цилиндр кіріс бақылауынан өтеді, содан кейін ғана қоймаға орналастырылады. Бұл тәсіл бірнеше тәуелсіз қорғаныс деңгейлерін ұсынады. Қойманы жобалау кезінде жер сілкінісі, өрт және басқа да сыртқы әсерлер ескерілді. Ғимараттың орналасуы цилиндрлерді қауіпсіз сақтауды, жылжытуды және тексеру жүргізуді қамтамасыз етеді.
Төмен байытылған уран банкінің қауіпсіздігі инженерлік, ұйымдастырушылық және халықаралық шаралар кешенімен қамтамасыз етіледі. Олар персоналды, халықты және қоршаған ортаны қорғауға, ядролық материалға рұқсатсыз қол жеткізуді болдырмауға, сондай-ақ оны есепке алуды және МАГАТЭ кепілдіктер жүйесі шеңберінде тек бейбіт мақсатта пайдалануды растауға бағытталған.
Төмен байытылған уран банкі Қазақстанның ұлттық ядролық отын қоры болып табылмайтынын түсіну маңызды. Мемлекет онда орналастырылған материалды өз қалауы бойынша пайдалана алмайды. Резервке қол жеткізу тек МАГАТЭ белгілеген рәсімге сәйкес — ядролық отын жеткізілімі мемлекетке байланысты емес айрықша себептермен тоқтатылған және қажетті отынды басқа қолжетімді көздерден алу мүмкін болмаған жағдайда туындаған төтенше жағдай кезінде ғана жүзеге асырылады.
МАГАТЭ-нің Төмен байытылған уран банкінің Қазақстанда орналасуы елдің қажетті инфрақұрылымы, білікті мамандары және ядролық материалдармен қауіпсіз жұмыс істеу тәжірибесі бар екенін растайды. Мұндай нысандарды пайдалану тәжірибесі қауіпсіздіктің жоғары деңгейіне қазіргі заманғы инженерлік шешімдердің, тұрақты бақылаудың, персоналды даярлаудың және тәуелсіз халықаралық қадағалаудың үйлесімі арқасында қол жеткізілетінін көрсетеді.
Азбергенов Мади Нұрбекұлы
«Қазақстандық атом электр станциялары» ЖШС-нің Энергетика тобының жетекші инженері
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: ЖАСТАР ҮГІТ МАТЕРИАЛДАРЫН ЖИНАП, ҚАЛА ТАЗАЛЫҒЫНА ҮЛЕС ҚОСТЫ
Қазақстандағы төмен байытылған уран банкі: сақтау кезінде қандай технологиялар қолданылады?
Әлеуметтік күн тәртібі мен еркін үгіт-насихат: байқаушылар Қазақстандағы сайлау науқанының барысына өз бағасын берді
Мемлекет басшысы халықаралық пән олимпиадалары жеңімпаздарымен және жүлдегерлерімен кездесті
«Байтақ» партиясы халықтың таңдауына құрметпен қарайды» – Азаматхан Әміртаев
Миссия наблюдателей от СНГ представила итоговую оценку прошедших в Казахстане выборов депутатов Курултая
«ДАУЫС» қоғамдық байқаушылар коалициясы Құрылтай депутаттарын сайлауға жүргізілген мониторингтің алдын ала қорытындысын жариялады
ТМД миссиясы Құрылтай сайлауын әділ, бәсекеге толы әрі ашық өтті деп бағалады
«ДАУЫС» коалициясы Құрылтай сайлауындағы қоғамдық байқаудың алдын ала қорытындысын жариялады
Наблюдатели в ЗКО зафиксировали высокую явку и отсутствие нарушений
Орал төріндегі тарихи таспа: «Қосшығұлов: шоколад фабрикасы» актерлері Құрылтайда дауыс берді
Оралдағы №502 сайлау учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды
Спорт алаңынан сайлау учаскесіне: танымал қазақстандықтар дауыс беруге қатысты
ЧЕМПИОНДАР ТАҢДАУЫ: СПОРТ САҢЛАҚТАРЫ ЕЛДІК НАУҚАННАН ҚАЛЫС ҚАЛМАДЫ
Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасының Құрылтай депутаттары сайлауында дауыс берді
Тұсаукесер, ретро және кино кейіпкерлері: Құрылтайға алғашқы сайлау күнін қазақстандықтар мерекелік көңіл-күйге ұластырып жатыр
Мүгедектігі бар азаматтардың дауыс беруіне қолайлы жағдай жасалған – Сердар Мутта

Кіру