8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
25 Тамыз 2026 52 0
Дені сау ұлт

Балалар ауруханасындағы медициналық көмектің жай-күйі бақылауда

Батыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Айнаш Губайдуллина Облыстық көпбейінді балалар ауруханасына барып, медициналық көмектің көрсетілу барысын зерделеді.

 

Жұмыс сапары барысында ол аурухананың қабылдау бөлімін аралап, ем алып жатқан балалардың ата-аналарымен кездесті. Ата-аналар өздерін толғандырған мәселелерін айтып, бірқатар ұсыныстарын жеткізді. Көтерілген мәселелер бойынша жауапты мамандарға тиісті тапсырмалар берілді.

Басқарма басшысының міндетін атқарушы аурухананың негізгі бөлімшелерін аралау кезінде балалардың ем алу жағдайына да назар аударды. Жансақтау және қарқынды терапия бөлімдеріндегі науқастардың денсаулық жағдайы, емдеу шаралары мен медициналық көмектің ұйымдастырылуы жөнінде дәрігерлерден ақпарат алды.

Сонымен қатар отадан кейінгі кезеңде жатқан балалардың жағдайымен танысып, олардың қажетті медициналық көмекті уақытылы алуына назар аударылды.

Жұмыс сапарының қорытындысы бойынша медицина қызметкерлеріне балаларға көрсетілетін медициналық көмектің сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған бірқатар нақты міндеттер жүктелді.

Басқарма тарапынан балалар денсаулығына қатысты мәселелер, медициналық ұйымдардағы қызмет көрсету сапасы және пациенттердің өтініштері тұрақты бақылауда болады.

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Национальный ядерный центр Республики Казахстан
Қазақстандағы төмен байытылған уран банкі: сақтау кезінде қандай технологиялар қолданылады?
25 Тамыз 2026
26 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»