Әлеуметтік күн тәртібі мен еркін үгіт-насихат: байқаушылар Қазақстандағы сайлау науқанының барысына өз бағасын берді
Бүгін Астанада Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюросының сайлауды бақылау жөніндегі халықаралық миссиясының баспасөз конференциясы өтті. Шара барысында халықаралық байқаушылар Қазақстандағы Құрылтай сайлауына қатысты пікір білдірді.
Қазақстандағы сайлау науқаны жалпы алғанда қалыпты әрі жүйелі түрде өтіп, әрбірқатысушы үгіт-насихат жұмыстарын әкімшілік кедергілерсіз жүргізе алды. Мұндай бағалар ЕҚЫҰ ДИАҚБ-ның сайлауды байқау жөніндегі халықаралық миссиясының материалдарында келтірілген.
Миссияның маңызды бағаларының бірі – тең мүмкіндіктер қағидатының сақталуы. Негізгі құқықтық мүмкіндіктер үгіт-насихат жүргізу үшін тең жағдайларды қарастырады, ал миссияның байқауынша, әкімдіктер мен сайлау комиссиялары бұл жағдайларды заңға сәйкес қамтамасыз еткен. Миссия өкілдеріне үгіт-насихат іс-шараларын өткізуге негізсіз бас тарту немесе шектеу қойылғаны туралы хабарламалар түспеген.
Халықаралық байқаушылар атап өткендей, әлеуметтік желілер сайлау науқанында елеулі рөл атқарды.
«ДИАҚБ миссиясы жүргізген әлеуметтік желілердің мониторингі партиялар мен кандидаттардың онлайн-коммуникациясы негізінен оң сипатта болғанын және бағдарламалық мәселелерге бағытталғанын көрсетті. Қарама-қайшылықты саяси пікірталас жағдайлары шектеулі болды» делінген БДИПЧ Миссиясының мәлімдемесінде.
Сондай-ақ, олардың байқауынша, саяси күштер дәстүрлі жұмыс тәсілдерін белсенді пайдаланды: жиналыстар мен кездесулер өткізді, еңбек ұжымдарымен қарым-қатынас орнатты, үгіт-насихат материалдарын таратты және үй-үйді аралап, азаматтарға ақпарат берді. Іс-шаралар бөлігінде байқаушылар қатысушылардың көп болғанын және азаматтардың оң пікір білдіргенін тіркеді.
Кандидаттарды тіркеу процесіне де назар аударылды. Миссия оның тиімді жүргізілгенін атап өтті. ОСК кандидаттарды ұсыну тізімдерін заңда белгіленген мерзімде тіркеген. Ұсынуға қатысты құжаттарды тексеру нәтижелері комиссия отырыстарында таныстырылып отырды.
Осылайша, ДИАҚБ сайлауалды науқанға оң бағалаған. Миссияның пікірінше, үгіт-насихаттың қалыпты сипатта өтуі, заңда көзделген тең мүмкіндіктер және әлеуметтік-экономикалық күн тәртібінің әртүрлілігі сайлаудың маңызды сипаттарына айналды.
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Әлеуметтік күн тәртібі мен еркін үгіт-насихат: байқаушылар Қазақстандағы сайлау науқанының барысына өз бағасын берді
Мемлекет басшысы халықаралық пән олимпиадалары жеңімпаздарымен және жүлдегерлерімен кездесті
«Байтақ» партиясы халықтың таңдауына құрметпен қарайды» – Азаматхан Әміртаев
Миссия наблюдателей от СНГ представила итоговую оценку прошедших в Казахстане выборов депутатов Курултая
«ДАУЫС» қоғамдық байқаушылар коалициясы Құрылтай депутаттарын сайлауға жүргізілген мониторингтің алдын ала қорытындысын жариялады
ТМД миссиясы Құрылтай сайлауын әділ, бәсекеге толы әрі ашық өтті деп бағалады
«ДАУЫС» коалициясы Құрылтай сайлауындағы қоғамдық байқаудың алдын ала қорытындысын жариялады
Наблюдатели в ЗКО зафиксировали высокую явку и отсутствие нарушений
Орал төріндегі тарихи таспа: «Қосшығұлов: шоколад фабрикасы» актерлері Құрылтайда дауыс берді
Оралдағы №502 сайлау учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды
Спорт алаңынан сайлау учаскесіне: танымал қазақстандықтар дауыс беруге қатысты
ЧЕМПИОНДАР ТАҢДАУЫ: СПОРТ САҢЛАҚТАРЫ ЕЛДІК НАУҚАННАН ҚАЛЫС ҚАЛМАДЫ
Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасының Құрылтай депутаттары сайлауында дауыс берді
Тұсаукесер, ретро және кино кейіпкерлері: Құрылтайға алғашқы сайлау күнін қазақстандықтар мерекелік көңіл-күйге ұластырып жатыр
Мүгедектігі бар азаматтардың дауыс беруіне қолайлы жағдай жасалған – Сердар Мутта
На выборах в Казахстане царит праздничная атмосфера – наблюдатель от Армении
«Құрылтай сайлауы жоғары деңгейде өтіп жатыр»: Тәжікстаннан келген халықаралық байқаушы

Кіру