8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
23 Шілде 2026 78 0
Құрылтай-2026

Жауапты науқанға дайындық жүйелі

Тамыздың 23-і күні Қазақстанда Құрылтай депутаттарын сайлау өтеді. Елдің саяси өміріндегі маңызды науқанға дайындық жұмыстары бүгінде өңірлерде де жүйелі түрде жүргізілуде. Осыған орай Батыс Қазақстан облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Әділ Тауфиқұлымен тілдесіп, алдағы сайлауға әзірлік барысын сұраған едік.


Құрылтай сайлауын өткізу туралы бастама бұған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың мәлімдемесінде айтылған болатын.  – Мемлекет басшысы ретінде еліміз үшін елеулі оқиғалар туралы алдын ала ақпарат беру өте маңызды деп санаймын. Конституция күшіне енген сәттен бастап бір палаталы Құрылтай сайлауын өткізу жөніндегі Жарлыққа қол қоямын. Сайлау биыл тамыз айында өтеді. Мұны әдейі ерте айтып отырмын. Өйткені партиялардың жоспарларын айқындап, сайлау науқанына дайындық жүргізуіне жеткілікті уақыты болуы керек. Осылайша, партиялардың сайлаушылармен тиісті жұмыс жүргізуіне бес айға жуық уақыт беріледі, – деген еді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент Құрылтай сайлауы Қазақстанның саяси жүйесін жаңғырту үдерісіндегі маңызды қадам екеніне ерекше екпін түсіргені мәлім. Бұл ретте сайлау науқанының ұйымдасқан әрі ашық өтуі, ең алдымен, сайлау комиссияларының жұмысына тікелей байланысты.

Комиссия мүшелерін оқыту жұмыстары жүргізілуде

Бүгінде Батыс Қазақстан облысында 673 сайлау комиссиясы жұмыс істейді. Оның құрамында 14 аумақтық, 171 округтік және 488 учаскелік сайлау комиссиясы бар. Құрылтай сайлауын өткізуге 14 аумақтық және 488 учаскелік сайлау комиссиясы жұмылдырылады. Яғни, жалпы саны 502 комиссияда 3224 комиссия мүшесі жұмыс істейтін болады.

Атап айтқанда, аумақтық сайлау комиссияларының құрамында 98, ал учаскелік сайлау комиссияларында 3126 адам бар. Қазіргі уақытта комиссия құрамында бос орындар жоқ.

Сайлау комиссияларының кәсіби дайындығы да басты назарда. Құрамдағы 2905 адамның, яғни 94,9 пайызының ірі сайлау науқандарын өткізу тәжірибесі бар. Ал комиссия мүшелерінің 166-сы бұл бағытта алғаш рет жұмыс істемек.

Осыған байланысты комиссия мүшелерін оқыту жұмыстары жоспарлы түрде ұйымдастырылуда. Әсіресе, сайлау процесіне алғаш рет қатысатын, тәжірибесі аз мамандардың біліктілігін арттыруға басымдық беріледі. Оқыту барысында сайлау заңнамасының талаптары, дауыс беру рәсімі, сайлау құжаттарын рәсімдеу және комиссия мүшелерінің міндеттері жан-жақты түсіндірілуде. Мәселен, жуырда түрлі себептермен комиссия құрамынан шыққандардың орнына тағайындалған жаңа мүшелерді оқыту семинары ұйымдастырылды. Оқыту семинарын БҚО аумақтық сайлау комиссиясы мүшесі Мағрипа Нигишеваның қатысуымен Орал қалалық аумақтық сайлау комиссиясының мүшелері өткізуде. Семинарда қатысушылар учаскелік сайлау комиссиялары қызметінің құқықтық негіздерімен, олардың құрамын қалыптастыру тәртібімен және жұмысын ұйымдастыру мәселелерімен танысты. Есептен шығару куәліктерін беру тәртібіне, дауыс беруді ұйымдастыру мен өткізуге, сондай-ақ сайлау күні байқаушылармен өзара іс-қимыл жасау мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Дәметкен САҒЫНБАЕВА

Толығырақ “Жайық үні” газетінің №30 санынан оқи аласыздар.

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Құрылтай-2026
Жауапты науқанға дайындық жүйелі
23 Шілде 2026
78 0
Закон и Порядок
Алаяқтар арбауын қояр емес!
22 Шілде 2026
77 0
Өңір жаңалықтары
Жаңа көпірдің құрылысы басталды
22 Шілде 2026
76 0
Мәдениет
«Сабантой» көңіл-күй сыйлады
22 Шілде 2026
81 0
Без рубрики
Қала бойынша 109 лагерь жұмыс істейді
18 Шілде 2026
213 0
Білім
Шаттыққа толы шуақты жаз
18 Шілде 2026
212 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»