8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
24 Қараша 2025 1232 0
Өзек

Жануарлардың аса қауіпті ауруларының ошақтары

Ағымдағы жылы сібір жарасының ошақтары анықталған жоқ. Облыс аумағында ағымдағы жыл басынан 4 (төрт) ауру ошағы тіркелді, (төртеуі де МІҚ малдары арасында), соның ішінде құтыру ауруының 2 ошағы – Бөкей Ордасы ауданы, Бисен а/о-де,  1 ошақ – Казталов ауданы, Казталов а/о, Сайқұдық қыстағы. Ауру ошақтарында тиісті ветеринариялық іс-шаралар толықтай жүргізіліп, ауру ошақтары жойылды.Бруцеллез ауруының 1 (бір) ошағы Бәйтерек ауданы,  Егіндібұлақ ауылы, Алмалы ауылдық округінде тіркелді. Басқа аса қауіпті аурулар бойынша эпизоотиялық жағдай тұрақты.

Анықтамалы: 2024 жыл нәтижесімен облыс аумағында жануарлардың аса қауіпті жұқпалы ауруларының 9 ошағы тіркелді.

      Жануарлардың бруцеллез ауруы бойынша      

2025 жылдың 10 айлық жоспарына сай диагностикалық зерттеулер нәтижесінде бруцеллезге 804,8 мың бас МІҚ зерттеліп (100%), оның 5 327 бас оң нәтиже көрсетті, облыс бойынша зақымдануы – 0,6%.

Анықтамалы: 2024 жылдың жылдық жоспарына сай бруцеллезге 812 мың бас МІҚ зерттеліп (100%), оның 5728 бас оң нәтиже көрсетті, зақымдануы – 0,7%.

Ұсақ мүйізді қара  малдары бойынша бруцеллез ауруына 1 269,4 мың бас зерттеліп (96%), 863 бас оң нәтиже көрсетті, облыс бойынша зақымдану көрсеткіші – 0,1% құрайды.

Анықтамалы: Ұсақ мүйізді қара  малдары бойынша бруцеллез ауруына 1 365,7 мың бас жануарлар зерттеліп (100%), оның 1 615 басы оң нәтиже көрсетті, зақымдануы – 0,1%.

Санитарлық  тасымалдау бойынша

2025 жылы ауру жануарларды санитариялық союды ұйымдастыруға облыстық бюджеттен 50,764  млн теңге қаржы қарастырылған.

Бруцеллезге шалдыққан жануарлар облыс аумағындағы 9 сою ұйымына тасымалданып, санитарлық сою жүргізіліп отыр. Жыл басынан  бруцеллезге оң нәтиже берген 5 237  бас  ірі қара, 856 бас ұсақ мал санитарлық сою орындарына тапсырылды.  

БҚО әкімдігінің баспасөз қызметі

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Без рубрики
Радиациялық жағдай тұрақты бақылауда
26 Тамыз 2026
64 0
Құрылтай-2026
Құрылтайға кімдер өтті?
26 Тамыз 2026
66 0
Национальный ядерный центр Республики Казахстан
Қазақстандағы төмен байытылған уран банкі: сақтау кезінде қандай технологиялар қолданылады?
25 Тамыз 2026
113 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»