«Абайдың әр өлеңі, қарасөзі өмір сүрудің алгоритмі сияқты»- деді облыс басшысы
Бүгін, «Ұлы Абайдың туған күні» деп барша оралдықтар Абай атамыздың зәулім ескерткішіне таңертеңгі тоғыздан бұрын жиналды. Бәрінің қолында корзинаға толы алқызыл гүлдер. Жұбан Молдағалиев атындағы орталық ғылыми кітапхана ұйымдастырған «Абайдың сөзі – қазақтың бойтұмары» атты ашық аспан астындағы салтанатты шарада бас қосқан ардагерлер, қала тұрғындары, заң қызметкерлері, өнер мен мәдениет саласының өкілдері, студент-жастар, оқушылар алдымен ескерткіш жанына қойылған сөредегі том-том кітаптарға қызыға әрі таңдана қарады. Әсіресе, «Абай» деп жазылған мұқабасы қалың көк түсті кітап көзге ерекше көрінді. Ал бәріміз күн сайын көріп жүрген ескерткіш сол сәтте бұрынғыдан да биіктеп, жарқырап, алаңға келген әр адамның жүрегіне жылылық сеуіп тұрғандай әсер етті.
Алдымен дана Абайдың өлеңіне жазылған ән шырқалып, бұдан соң Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев пен тоқсанның төріндегі ел ақсақалы, өлкетанушы Жайсаң Ақбай бастаған зиялы қауым данышпан Абай ескерткішіне гүл шоқтарын қойды. Барша Жайық жұртшылығы атынан ойшыл ақынның рухына бір минут үнсіздікпен тағзым жасады.
Құттықтау сөзге кезек берілгенде БҚО әкімі Нариман Төреғалиев алдымен бүгін, 10 тамыз күні Абай (ИбраҺим) Құнанбайұлының 180 жылдығы күллі Алаш елінде, туған жері Абай облысында және әр өңірде ерекше құрметпен аталып жатқанына екпін түсірді.
– Ұлы Абайдың 180 жылдығы – халқымыздың рухани дүниесінде ерекше орын алатын тарихи, маңызды сәт деп айтуға болады. Мемлекет басшысы Абайдың мол мұрасы Қазақ ұлтының жаңа сапасын қалыптастыруға қызмет етеді деп айтқан болатын. Мінекей, біз Ұлы Абайдың шығармалары мен өлеңдерін, қарасөздерін ұрпақтан-ұрпаққа жалғастырып, мән-мағынасын жоймайтын асыл мұрасы көп екенін жеткізіп келеміз. Соның бір дәлеліндей, жыл бойы облыс көлемінде атқарылған шаралармен бірге «Абай оқулары» байқауы өткен болатын. Абай атамыздың әлемге танымал өлеңдері, қарасөздері әлі зерттеліп болған жоқ,- деген өңір басшысы Нариман Төреғалиұлы осы ретте Абай Құнанбайұлының құрметіне Семей қаласынан Қарауыл төбеге дейін 180 шақырымдық қашықтықта жүріп өткен жеңіл атлетикадан ультрамарафон чемпионы, жерлесіміз Баубек Ильясовтың жеңісін зор мақтанышпен айтып өтті.
Бұдан соң таңсәріден Ұлы Абайдың ескерткішіне келіп, рухына тағзым еткен оралдықтарға ризашылығын білдіріп, « Абайдың өлеңдері мен қарасөздері адамзатқа өмір сүру алгоритмі сияқты» деп ойын тәмамдады.
Жасы алға озса да данышпан Абайды халыққа үзбей насихаттап жүретін өңірімізге сыйлы ақсақал, «Парасат» орденінің иегері Жайсаң Ақбай ортаға шақырылды. Жайсаң ағамыз ең алдымен Ұлы Абайдың мәңгі өлмейтін шығармаларына тоқталып, сөзінің соңында Орал қаласының бас көшесі, яғни, жалғыз даңғылдың бұдан былай «Абай даңғылы» болып аталуын, өзгертілуін сұрады. Көпшілік осы мезетте Жайсаң абыздың бір ауыз ұсынысын қолдап, дуылдата қол шапалақтады.
Сонымен, осы шарада облыстық «Абай оқулары» байқауында жүлде алған жас жеңімпаздар бағалы сыйлықтарын алып, төбелері көкке жетсе, Х. Бөкеева атындағы облыстық қазақ драма театрының әртістері мен Ғ. Құрманғалиев атындағы облыстық филармонияның әншілері, сахнаға шығуға дайын тұрған талантты қыз-жігіттер Ұлы Абайдың 180 жылдығына арнап керемет өнер көрсетті. Жатқа оқылған Абай өлеңдері мен ән-жыр Жайықтың бойын жаңғыртты. Ұлттық рухтың Туын желбіреткен, барша Алты Алаштың абыройын өсірген Абай тойы Жайық жерінде мұнымен шектелмей өз жалғасын тапты.
Мира ХАМЗАҚЫЗЫ
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
«ДАУЫС» қоғамдық байқаушылар коалициясы Құрылтай депутаттарын сайлауға жүргізілген мониторингтің алдын ала қорытындысын жариялады
ТМД миссиясы Құрылтай сайлауын әділ, бәсекеге толы әрі ашық өтті деп бағалады
«ДАУЫС» коалициясы Құрылтай сайлауындағы қоғамдық байқаудың алдын ала қорытындысын жариялады
Наблюдатели в ЗКО зафиксировали высокую явку и отсутствие нарушений
Орал төріндегі тарихи таспа: «Қосшығұлов: шоколад фабрикасы» актерлері Құрылтайда дауыс берді
Оралдағы №502 сайлау учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды
Спорт алаңынан сайлау учаскесіне: танымал қазақстандықтар дауыс беруге қатысты
Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасының Құрылтай депутаттары сайлауында дауыс берді
Тұсаукесер, ретро және кино кейіпкерлері: Құрылтайға алғашқы сайлау күнін қазақстандықтар мерекелік көңіл-күйге ұластырып жатыр
Мүгедектігі бар азаматтардың дауыс беруіне қолайлы жағдай жасалған – Сердар Мутта
На выборах в Казахстане царит праздничная атмосфера – наблюдатель от Армении
«Құрылтай сайлауы жоғары деңгейде өтіп жатыр»: Тәжікстаннан келген халықаралық байқаушы
Қазақстандықтар сайлауға белсенді қатысуда – ҰҚШҰ Парламенттік Ассамблеясының байқаушылары

Кіру