8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
22 Наурыз 2025 5922 0
Мереке

Жыл басы Әз-Наурыз, шаттыққа кенелтсін елді!

Сенбіде Тұңғыш Президент алаңында «Наурыз – береке бастауы» атты тақырыпта Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамына орай театрландырылған бағдарлма аясында мереке өтті.


Аталмыш мейрам «Күн мен Түн» хореграфиялық композициямен ашылды. Бұдан соң V Дүниежүзілік көшпенділер ойынының чемпионы Б.Серіковтің бастауымен аттылар көші ортаға келіп, «Теңге ілу» ойынынан шеберлік көрсетті.

Одан әрі сахнаға Қыдыр ата келіп батасын берсе, Ұмай ана ән шырқап, әжелер аластау рәсімін жасап, қыз – келіншектер мерекеге жиналған қонақтарға ақтан ауыз тигізіп,бауырсақ үлестірді.

Аталмыш шараға қатысқан өңір басшысы Н.Төреғалиев құттықтау сөз сөйледі.- Құрметті жерлестер! Баршаңызды Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймын! Әз- Наурыз – ұлтымыздың болмысын, салт – дәстүрін, әдет – ғұрпын, руханиятын айшықтайтын мейрам.Кеше Мемлекет басшысы Астана қаласындағы «ЭКСПО» орталығындағы мерекеде барша ел тұрғындарын мейраммен құттықтады. Облыста «Наурызнама тұжырымдамасы» негізінде барлығы 1000- нан аса іс-шара ұйымдастырылды,-деді облыс басшысы Н.Төреғалиев.

Шуағын төккен мейрамда Алматы қаласынан келген «Номад» тобы әуелете ән салып, шараның шырайын келтірсе, «Ақжайық», «Айналайын», «Қарақат» ,»Көктем қызғалдағы» би ансамблдерінің бишілері тұрғындарға көтеріңкі көңіл – күй сыйлады. Сондай – ақ мерекеде меймандар мен қала тұрғындары ақ шаңқан киіз үйлерге бас сұғып, қолөнер шеберлерінің көрмесі мен ұлттық ойындарды тамашаласа, қыз – жігіттер мен балалар алтыбақан тепті.

Мерекеге жиналған қала тұрғындары бір – біріне ізгі тілектерін айтып, ақсақалдардың ақ батасын алды.

«Жайық үні»

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Референдум2026
Маржан той иелері референдумға қатысты
15 Наурыз 2026
52 0
Референдум2026
Кітапсүйер отбасы дауыс берді
15 Наурыз 2026
50 0
Референдум2026
Көп балалы отбасылар өз таңдауын жасады
15 Наурыз 2026
50 0
Референдум2026
Ұлттық рухтың дауысы
15 Наурыз 2026
46 0
Референдум2026
Батыс Қазақстанда Жәңгір хан дауыс берді
15 Наурыз 2026
101 0
Наурыз
Көрісу күніндегі көңіл күй
14 Наурыз 2026
75 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»